ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ... Толығырақ

АУЫЛДАҒЫ БИЗНЕС – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ!

20:20, 14 қыркүйек 2018

РКС: Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгініп, өз ісін дөңгелетіп отырған тұрғындардың бірі - Теңдік Сәдуақасов. Ол ата кәсіппен айналысып, мал басын көбейтуді көптен ойға алыпты. Алғашқыда 750 мың теңге несие алып, Зеңгі баба түлігін өсіруге ден қойған кәсіпкер бүгінде борышын мерзімінен бұрын жауып, мал басын арттырады.

СНХ: ТЕҢДІК СӘДУАҚАСОВ, «САРЫОБА» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ /// Зейнеткерлікке шыққаннан кейін несие алдым. 750 мың. Оны уақытында өтеп, кейін 2 млн. 500 мың теңге алдым. Бұған мал сатып алып, несиені уақытынан бұрын жаптым. Былтыр 2017 жылы 6 млн. теңге несие алдым. Бұл қаржыға 20-дан астам саулық қара мал алдым. Жылқы алдым. Бір ақбас бұқа алдым.

РКС: Жақсы ауданында Теңдік Хамитұлы тәрізді өз ісін бастауға ниетті азаматтар аз емес. Мұнда кәсіпкерлікті қаржыландыру көлемі де артып отыр.    

СНХ: РҮСТЕМ ҚОЙШЫҒҰЛОВ, ЖАҚСЫ АУДАНДЫҚ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ ///  Ағымдағы жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша ауданға 102 млн. теңге бөлініп отыр. Осы күнде 29 адам 92 млн теңгеге несие алды. Алдағы жылы қаржыландыру көлемі артады деп күтілуде. «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша білім алған азаматтарға қыркүйек айының соңына қарай тағы 50 млн. теңге шамасында қосымша қаржы бөлінеді деп жоспарланып отыр. Өз ісін бастауға ниетті азаматтар осы бағдарлама арқылы білім алуға өтінім бере алады. Мұнда кәсіпкерліктің алғашқы қадамдары үйретіліп, тұрғындар өз ісін тиімді жүзеге асыру жолдарын меңгереді.

РКС:  Теңдік Хамитұлы әлеуметтік жұмыс орындарын да ашып, ауылдастарына жалақы төлеп отыр. Өз ісін өрістетуге ден қойған тұрғындарға 6 пайыздық жеңілдетілген несие үлкен қолғабыс, - дейді кәсіпкер. Оның үстіне бизнес тиісті айналымға енгенше несие қарызынан босатылатын жеңілдік мерзімін де қоса ойға алыңыз. Кәсіпкер мемлекеттік бағдарламаның тиімділігіне көз жеткізіп отыр.

СНХ:  ТЕҢДІК СӘДУАҚАСОВ, «САРЫОБА» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ /// Шаруашылықты әрі қарай өсіріп өнім өндіруге жоспарларым бар.+ Келешекте мына 6 млн.-ды мерзімінен бұрын жауып, сауын сиырлардың сүтін сатуды ойлап жүрмін.  Ерінбей еңбек етсең іс өрге жүзеді. Несиеден қорқатын дәнеңе де жоқ. Мал басы аман-есен төлдесе, соның төлінен-ақ несиені жауып тастауға болады. Ыстық-суығына төзіп, еңбек етсе міндетті түрде мал басы өседі.

РКС: Теңдік Сәдуақасов мал басын асылдандыруға, тиісті қоражай жабдықтауға және сүт кластерін қалыптастыруға бағытталған қызметін бұдан әрі де жалғастыруға ниетті. Кәсіпкер келешекте 20 млн-ға дейін несие алып, толыққанды заманауи мал фермасын қалыптастыруды мақсат етіп отыр.

Ауғанбек Манарбекұлы

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ 41 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛҒАН
18:43, 25 қыркүйек 2018
ӨҢІРДЕ 41 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар