ШҰҒЫЛ! 73 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ЛАУАЗЫМЫ ЖОҒАРЫЛАДЫ Толығырақ

АУЫЛДАРДЫҢ БӨЛЕК БЮДЖЕТІ БОЛАДЫ

18:17, 12 қазан 2017

Ауылдық округтер және аудандық маңызға ие қалалардың бюджеті салықтың 6 түрінен, айыппұлдар мен ақылы қызметтерден жиналады. Ол қаржының қайда, қалай жұмсалу керектігін әкімдік тұрғындардан құралған кеңеспен келісіп шешеді. Ақмола облысында келесі жылы 69 елдімекен осы жүйеге ауыспақ.

Ауыл әкімдерін оқыту да жүргізілген. Алайда республика бойынша ауылдық округтер әкімдерінің 30 пайызы жаңадан сайланғандар. Сондықтан мамандарды оқытуды әлі де жалғастыру керек. Мамандардың қажеттілігі де сезіледі.

Мүліктерді, кәсіпкерлік нысандарды тіркеуге қатысты шаруа да  шаш-етектен. Себебі, олар дұрыс тіркелмесе, қаржы бюджетке түспей қалуы мүмкін. Сондықтан, әр әкім өз ауылдық округіндегі жеке және заңды тұлғалардың тиісті түрде тіркелуін қамтамасыз ету қажет.

Бюджет қаржысын 19 түрлі жұмыстарға жұмсауға болады. Олардың қатарында абаттандыру, көгалдандыру, әлеуметтік нысандарды жөндеу, мектепке дейінгі оқытуды ұйымдастыру сынды ауыл үшін қажетті бағыттар бар.  

Ермек Елберген

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ЕЛ ЕРТЕҢІ-БІЛІМДІ ҰРПАҚ!
15:07, 22 қаңтар 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ЕЛ ЕРТЕҢІ-БІЛІМДІ ҰРПАҚ!
Толығырақ...
БӘСЕКЕЛЕСТІК БИІГІН БІЛІМ БАҒЫНДЫРАДЫ!
15:07, 22 қаңтар 2018
БӘСЕКЕЛЕСТІК БИІГІН БІЛІМ БАҒЫНДЫРАДЫ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕДІ!
19:07, 16 қаңтар 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕДІ!
Толығырақ...