ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕГІ ОҢ ІСТЕР

19:56, 16 қыркүйек 2020

ДИКТОР: Макеевский ауылдық округінің аумағында 830 тұрғын бар. Олардың басым бөлігі жергілікті серіктестікте егін және мал шаруашылығымен айналысады. Шуйское елдімекеніндегі орта мектепте 40-қа жуық ұстаз қызмет етеді. Мұнда соңғы жылдары жұмыссыздық мүлде жойылған.

РКС: Ауылдық округтың орталық қонысына табан тіреген адам кішігірім қалашыққа кіргендей сезінеді өзін. Тақтайдай тегі жол. Оның айналасындағы бой көтеріп жатқан жаңа тұрғын үйлер анадайдан көз тартады. Осыдан-ақ, жұршылықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жақсарып келе жатқанын аңғарар едіңіз.

СНХ: ӘЛИЯ ТОҒЖҰМАНОВА, МАКЕЕВСКИЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ //орыс//Соңғы он жылдың ішінде ауылдық округ аумағынан ешбір тұрғын сыртқа көшкен жоқ. Бұл – адамдарымыздың қамқорлыққа бөленіп жатқандығының дәлелі. Екі елді мекенімізде де мектеп, балабақша, дәрігерлік пункт, байланыс бөлімшесі жұмыс істейді. Әр үйге жылу мен су тартылған. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша бір мұғалім келді. Оған «Шуйское» серіктестігі жайлы пәтер берді.

РКС: Жастар жайын айтатын болсақ, оларға да қолайлы жағдай туғызылған. Көпшілігі серіктестіктерде егін егіп, мал бағады. Кәсіпкерлер орта мектепті қамқорлығына алған. Осы жазда білім ошағының ауласын асфалттап берді.

СНХ: ӘЛИЯ ЖАНБАЕВА, ШУЙСКОЕ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ///қаз//  Жаңа  оқу жылын қалыпты жағдайда бастадық. Әр-бір сынып санитарлық талапқа сай жарақтанды. Оқушылардың бетпердесін серіктестік өз қаржысына сатып әперді. Мектебіміз орталық бу қазандығына қосылған.

РКС: Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы ауыл жұртшылығын жігерлендіріп, болашаққа деген сенімін нығайта түсті.

Тақырып бойынша материалдар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИГЕРІЛМЕГЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ КӨЛЕМІ 502 МЫҢ ГЕКТАРҒА ДЕЙІН ҚЫСҚАРДЫ
19:48, 15 қыркүйек 2020
ИГЕРІЛМЕГЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ КӨЛЕМІ 502 МЫҢ ГЕКТА...
Толығырақ...
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
19:58, 16 қыркүйек 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...