ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

АУЫЛДЫҢ АРҚАУЫ - АСЫЛ ТҮЛІК

16:09, 8 қаңтар 2020


Асыл тұқымды мал өсіру бағыты ақмолалық шаруалар арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр. Өткен 2019 жылы облыс аумағына 6 жарым мың бас мал әкелінген. Ангус, герефорд, гольштейн-фриз, симменталь тәрізді Зеңгі баба түліктері Солтүстік өңірлерге айтарлықтай қиындықсыз жерсіндіріліп келеді. Шаруашылықтағы жаңашыл бастамалар Бурабай ауданының Шиелі ауылы өміріне де оң өзгерістер әкеліп отыр.

 «Шиелі агро» серіктестігі жылдар бойы төңіректергі мың жарым гектар аумаққа егін егіп, өсімдік шаруашылығымен айналысып келген. Соңғы жылдары шаруалар мал өсіруге ден қойыпты. Ауыл азаматтары жылқы жусатып, Қамбар ата түлігін екі жүзге шамалатқан. Шаруашылықтың алдағы мақсаты өңірдің сүт кластеріне үлес қосу. Осы мақсатпен Чехиядан 80 бас семменталь тұқымды сүтті сиырлар сатып алған.

МҰХАМЕДИЯ ЖҮСІПОВ, «ШИЕЛІ АГРО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Осы мал келгелі шетелден арнайы мал жайлауға, шөп дайындауға арнайы техника алдырдық. Қазір он адам осында еңбек етіп келеді. Ветеринар, малшы, механизаторлар бар. Орташа жалақысы 100 мың теңге шамасында. Ойымызда осы жерге жаңа ферма салу. Сүт өндіреміз. Мал басын да біртіндеп арттыру көзделген.

Шаруашылық асыл тұқымды малдың күтіміне қажетті барлық технологияларды сақтайды. Фермерлер ақпан айында асыл малды аман-есен төлдетіп, Еуропадан сүт фермасына қажетті заманауи жабдықтарды алдыртуға ниетті.  Алдағы мақсат мал басын арттыра отырып, сүт тауарлы ферма құру. Қолда бар мүмкіндіктің ретіне қарай ауылға қарайласу, қыста қарын тазалап, шағын мәдениет үй мен мектепке демеушілік ету қалыптасқан дәстүр.

ДАУЫЛБАЙ КӘПЕЗОВ, АТАМЕКЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Кәсіпкер өз туған ауылының жолын оңдауға өз қаражатынан 4,8 млн. теңге бөліп, ауыл ішілік көшелерге жөндеу жүргізді. Көшені жарықтандыру жұмысына да 5 млн. теңге бөлді. Келер жылы тағы екі көшені жарықтандыруды жоспарлап отыр. Осындай азаматтарымыз өз ауылдарына қолдау көрсетсе, елді мекендердің көркеюіне үлкен бастама болар еді.

Былтыр «Шиелі агроның» мамандары жергілікті әкімдікпен бірлесіп, жол жөндеп, орталық көшені жарықтандырыпты. Қазір шағын ауылға көшіп келушілердің де саны арта бастаған.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙ.  ЖАҺАНГЕР МҰХАНБЕТОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ  ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
17:58, 21 қазан 2020
АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
19:21, 14 қазан 2020
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...