ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТЫҢ ДАМУ ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

АУЫР АТЛЕТШІЛЕР САЛМАҚТЫ САЙЫСТАРДА

15:05, 13 маусым 2018

ДИКТОР: Шалғайдағы Жарқайың ауданынан талай танымал ауыр атлеттер түлеп ұшты. Солардың алдыңғы легінде олимпиадалық ойындардың жүлдегері Ирина Некрасова, Ербол Мейірманов ел намысын лайықты қорғап,жас жеткіншектерге үлгі өнеге болды. 

СТЭНДАП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ РЕДАКТОР: Жарқайың шебер спортшылардың  мекені .......

РКС: КСРО спорт шебері Асқар Әлкешев алыстағы ауданға жоғары оқу орнын бітірген соң арнайы жолдамамен келді. Алғашқы бетте ауыр атлеттика үйірмесін ашу үшін көптеген кедергілерге кезікті. Қаржы жағдайымен бірге арайы спорт зал табу қиынға соқты. Алайда, қолға алған істі жеріне жеткізбей тынбайтын азамат  еш мойымады.

СНХ: АСҚАР ӘЛКЕШЕВ, БАПКЕР, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ /// ҚАЗ Ауыр атлетика менің өмір жолым десе де болады. Спорттың осы түрімен тұрақты айналысып  көптеген спорттық нәтижелерге қол жеткіздім.Қолыма диплом алып, Державинск қаласына келісімен жергілікті балаларды үйреткім келді. Ұзақ жылғы еңбек кейбір қиыншылықтар артта қалды.Бүгінгі таңда аудан ауыр атлеттерінің жеке дара спорт залы бар.Оның бітпей қалған жерлерін өз күшімізбен жөндеп жатырмыз. Мақсат өңірімізден танымал спортшыларды түлету, қанаттандыру.Осы орайда аянбай еңбек етеміз.

РКС: Ұстаздан шәкірт озса игі. Асқар Әлкешев баптаған Ербол Мейірманов ұзақ жылдар бойы ел намысын лайықты қорғады. Бүгіндері ол бапкерлік қызметте.

СНХ: ЕРБОЛ МЕЙІРМАНОВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ РУСС /// Державинск қаласында білікті бапкер Асқар әлкешеевтен дәріс алдым.Осы жерде шыңдалып жетілдім.Одан әрі Степногорск қаласындағы спорттағы дарынды балалар мектеп интернатында оқып, жаттықтым.Бүгін ұстазымның орнын басып жерлестерімді ауыр атлетикаға баулып жүрмін.Менде Асқар аға сияқты шебер спортшылар шығарсам деймін.

РКС: Жарқайың аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ауыр атлеттері алдағы жауапты жарыстарға қызу дайындық үстінде.

 

Тақырып бойынша материалдар

Б. САҒЫНТАЕВ: «...АЙМАҚТЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ»
20:29, 25 маусым 2018
Б. САҒЫНТАЕВ: «...АЙМАҚТЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ»
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОПУЛЯРИЗАЦИЯ НАЦИОНАЛЬНЫХ ВИДОВ СПОРТА
20:22, 20 маусым 2018
ПОПУЛЯРИЗАЦИЯ НАЦИОНАЛЬНЫХ ВИДОВ СПОРТА
Толығырақ...