ШҰҒЫЛ! СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ Толығырақ

АУЫР ЖҮК КӨЛІКТЕРІНІҢ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ 13 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АРТЫҚ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

20:03, 14 қыркүйек 2020

ДИКТОР: Ауыр  жүк көліктерінің жүргізушілері  тәртіпке  бағынбайды.  Жолда тоқтатса өте шығады, құжатын сұрасаң, көрсетпейді. Көліктік бақылау инспекциясы  осылай деп дабыл қағып отыр. Петропавл-Көкшетау тас жолы бағытында арнайы рейд жүргізген мамандар осы мәселенің алдын алуда.

РКС: Көліктік бақылау инспекциясы бұл жолғы рейдке жол полициясының өкілдерімен  бірге  шықты. Әйтпегенде, ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері тәртіпке бағына бермейді. Мәселен мына көліктің тиісті салмақтан артық жүк тиеп келе жатқанын тәртіп сақшылары арнайы таразы арқылы анықтады.  Енді көлік жүргізушісіне әкімшілік айыппұл салынады.

РКС: Ереже бойынша  3 осьтік  транспорт  25  тоннадан  артық  жүк тасымауы керек.  Яғни,  әр  бір  көлік  білігі  8  тоннаға дейін  көтеруі қажет.  Бірақ   мұны  көбі  ескере бермейді.

СНХ:  ЕРМЕК  ДӘРМЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ///  01:19/// РУСС ///Жыл  басынан  бері ауыр жүк көліктеріне қатысты 60-тан артық  іс қозғалды. Нәтижесінде 13 миллион теңгеден артық айыппұл салынды. Бұл айыппұл көлемі олар тасымалдаған  артық жүк көлеміне байланысты есептелінеді. Бүгінде жол полициясымен келісім-шартқа отырдық. Олар ауыр жүк көліктерін тоқтатып, құқық бұзушылықтарды анықтаса, әрі қарай  істі бізге жолдайды.

РКС: Ауыр жүк көліктерінің артық салмақта жүк тасымалдауы жол сапасының нашарлауына да әсер етеді,-дейді жол аквтивтері ұлттық сапа орталығының мамандары.

СНХ: ТАЛҒАТ ЖҮСІПОВ, ЖОЛ АКТИВТЕРІ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ/// РУС///02:17 ввиду перегрузов большегрузных автотранспортов... Ауыр жүк көліктерінің тиісті нормадан артық  салмақтағы  жүк тасуы жолдарда шұңқырдың пайда болуына, сапаның нашарлауына алып келеді. Ал жолды қайта қалпына келтіру үшін бюджеттен қаржы қажет. Мұндай ақаулар болмас үшін осы бағыттағы жұмыстарды күшейту керек. Көліктік бақылау инпекциясы жылжымалы бақылау посттарын құруы қажет.

РКС: Инспекция мұндай рейдтер ай сайын өтетінін айтып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады.

АЙГҮЛ   МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ,  ПАВЕЛ  СОЛОВЬЕВ,  «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
19:25, 23 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...