ШҰҒЫЛ! ЕЛ ҮМІТІН - ЕР АҚТАР! Толығырақ

АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

14:42, 15 сәуір 2019

РКС: Қосшы елді мекенінің су тұтыну көлемі шамамен  тәулігіне 4800 текше метрді құрайды. Нұра өзенінің арнасынан тасуы елді мекенге су жеткізіп отырған 6 ұңғыманың жұмысын тоқтатып отыр. Мұның салдарынан мың жарым текше метр ауыз су тапшылығы туындаған. Әзірше жетіспеген су көлемі елді мекенге арнайы көліктермен тасымалдануда. Сондай-ақ, мәселенің шұғыл шешімі ретінде қосымша су алу ұңымалары бұрғыланды. Мамандар жағдай алдағы бір аптаның ішінде қалпына келуі тиіс, - деп отыр.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ /// Тұрғындарға мәселенің жылдам шешілуі мақсатында мынадай құбырлар тартылып отырғанын түсіндіру керек. Бұл - мәселенің уақытша шешімі. Алдағы 7-8 күнде су беру жүйесі қалыпты жағдайға түсіп, бұрынғыдай жұмысын жалғастырады деген ойдамыз.

РКС: Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ермек Маржықпаев аудан тұрғындарымен кездесті. Целиноградтықтар тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, құрылыс салаларына байланысты сауалдар қойды. Өңірдегі өзекті мәселелер қатарында баспана салуға берілген жерлердің тиісті құжаттамамен қамтылуы да аталды.

СНХ:  МҰРАТ ЖАҢАБЕРГЕНОВ, АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ /// Жобалық-сметалық құжаттарын дайындау үшін, біз қазіргі таңда жер, бастапқы мәліметтер, техникалық шарттар бойынша мәліметтер жинақтаудамыз. Кейін осы мәліметтер негізінде жергілікті бюджет есебінен құжаттамаларды дайындаймыз.

РКС: Тұрғындармен кездесуде көтерілген мәселелердің бірі мына көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы болды. Облыс әкімі нысанды салып жатқан мердігерлер мен жергілікті әкімдікке құрылыс жұмыстарын аяқтауды тапсырды.  Өңір басшысы Қосшының орталық жылу қазандығы жұмысымен де танысты. Аудан әкімі Мәлғаждар Тәткеев нысанның өткен жылу беру маусымындағы жұмысына тоқталып, нысанның қуаттылығын арттыру қажеттілігіне тоқталды. Ермек Маржықпаев бұл мәселе бойынша тиісті ұсыныстарды қарастыруға әзір екенін жеткізді.  

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
19:52, 14 маусым 2019
УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...
ҚОС ДӘРІГЕРГЕ  БАСПАНА СЕРТИФИКАТЫ  БЕРІЛДІ
19:52, 14 маусым 2019
ҚОС ДӘРІГЕРГЕ БАСПАНА СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ
18:46, 10 маусым 2019
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...