ШҰҒЫЛ! ЖОЛ ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ТАЗАРТЫЛУДА Толығырақ

АЯЗДА ҚАЛҒАН АВТОКӨЛІКТЕР

19:18, 12 қаңтар 2021

ДК: Аяз бен боранда аулада қалған темір тұлпар иелері арнайы техникалық көмек шақыртуға мәжбүр. Күннің күрт суытуы төтенше жағдай қызметінің мамандарын да алаңдатып отыр. Мамандар алыс сапарға шықпауға кеңес береді.

РКС: Күннің күрт суытуы автокөлік жүргізушілерін қапыда қалдырды. Қаладағы жеңіл көліктердің біршамасы суықтан оталмаған. Қыстың қысымшылығынан автонарықта жаңа бизнес түрі - жедел көмек қызметіне сұраныс артып отыр. Мына жылжымалы техникалық көмек көлігі Көкшетауда 5 жыл бойы кәсібін дөңгелетіп келеді. Механиктер тәулік бойы қызмет көрсетеді.

СНХ: АЛЕКСАНДР МИРОНОВ, ЖЕДЕЛ КӨМЕК КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІНІҢ МЕХАНИГІ///АУДАРМА///Қазір шақыртулардың басым көпшілігі көлік қозғалтқышының қатып қалуына байланысты. Оталмай қалған автокөлікті арнайы жабдықпен жылытамыз. Жүргізушілерге көлікті қыс маусымына тыңғылықты даярлауға кеңес берер едім.  Қозғалтқышқа жоғары сапалы, аязға төзімді май құю, қосымша жабдықтарын, қысқы дөңгелектерді уақытылы ауыстыру қажет. Олай етпеген жүргізуші күн суытқанда екі-үш есе артық шығындалады.

РКС: Төтенше жағдай қызметкерлері жүргізушілердің қар құрсауында қалуынан қауіптенеді. Мамандар сапарға шықпас бұрын ауа райы болжамын ескеріп, экстрималды жағдайға әзір болуға кеңес береді.  

СНХ: НҰРЖАН ХАМЗИН, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ///АУДАРМА//// 00/49 Қысқы уақытта жүргізушілер төтенше жағдайда қажет жабдықтарды ала жүргені жөн. Оларды мынадай дабыл чемоданына жиып қойыңыздар. Жаныңызда қолшам, алғашқы медициналық көмекке арналған дәрі-дәрмек болуы қажет. Қыста аса қажет жабдықтың бірі балауыз шам. Боранды, аязды күнде жолда қалған жүргізуші көлік ішінде майшам жағып, көмек келіп жеткенше жылу сақтауға болады.

РКС: Сонымен қатар, көлікте бір торсық су, консерві, сіріңке, күрек тәрізді заттардың да болғаны абзал. Төтенше жағдай орын алса бірден 102 нөміріне шұғыл хабар беру қажет. Жолда қалған жолаушыларға облыс аумағында 257 жылыту бекеті әзірленген.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕН. «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢА ҚҰРАМДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ
19:52, 15 қаңтар 2021
ЖАҢА ҚҰРАМДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ: АУЫЛДАРДЫҢ ЖОЛЫ 100% ЖӨНДЕЛЕДІ
17:03, 15 қаңтар 2021
ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ: АУЫЛДАРДЫҢ ЖОЛЫ 100% ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИТТЕРДІҢ БАЛАЛАРДЫ ҚАБУ ДЕРЕГІ КӨБЕЙДІ
17:21, 13 қаңтар 2021
ИТТЕРДІҢ БАЛАЛАРДЫ ҚАБУ ДЕРЕГІ КӨБЕЙДІ
Толығырақ...
ТЕАТР МАЙТАЛМАНЫ ЖАНАР ҚҰСАЙЫНОВА - 50 ЖАСТА!
19:28, 13 қаңтар 2021
ТЕАТР МАЙТАЛМАНЫ ЖАНАР ҚҰСАЙЫНОВА - 50 ЖАСТА!
Толығырақ...