ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ БЕЛСЕНДІРІЛГЕН КӨМІР ӨНДІРІЛЕДІ Толығырақ

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ. БАРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БАҚЫЛАУДА!

19:41, 29 шілде 2020

ДК:  Облыс әкімі Ермек Маржықпаев жеке мәселелерімен азаматтарды қабылдады. Сұрақтар да сан алуан. Баспана, жер мәселесі. Тіпті Ақмола облысының орман шаруашылықтарының қалдықтарынан тығыздалған отын шығаруға қатысты да сауал қойылды. Әр мәселе бойынша аймақ басшысы нақты тапсырмалар беріп, оны орындауға тиісті мерзімдерін де белгіледі.

РКС: Елордалық кәсіпкер Владимир Ким орман қалдықтарынан белсендірілген көмір мен тығыздалған отын шығаруға дайын екендігін жеткізді. Зауыт Щучинск қаласында орналасады. Орман шаруашылықтарымен келісім-шартқа отыруда қиындықтар туындаған. Екінші мәселе- шикізатпен қамтамасыз ету кепілдігі де қажет. Айта кету керек, белсендірілген көмір тапшы өнім, Қазақстанда 87 проценті импорт есебінен жүзеге асырылады. Аймақ басшысы бұл жобаның өте қажет екенін атап өтті.

СНХ: БОЛАТ ТӨКІШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ  РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///Бұл өте қызықты, мұның бәрі нақты дүние. Бізде 13 орман шаруашылығы бар, олардың барлығы жеке дара заңды тұлға болып есептеледі. Оның орташа бағасы 100 теңге, бір газонды 4 текше метр деп алсақ, онда оның бағасы бар болғаны  400 теңге.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ///Тамыздың онына дейін маған ұсыныстарыңызды айтыңыздар. Үнемдеу жағын есептеңіздер.

РКС: Кәсіпкер Мұрат Оразалин Бурабай ауданының әкімдігі басқа адамға жалға берген жер телімі оның меншігі екенін растайтын бір бума құжатпен келген. Ермек Маржықпаев жағдайды жан-жақты зерттеуді тапсырды. Нина Гатенюк пен Екатерина Азарновалар мектеп бағдарламасына нейролингвистикалық бағдарламалаудың психологиялық тәжірибесін енгізу туралы жаңашыл идеяларын ұсынып отыр.  

СНХ: ВАЛЕРИЙ ГАМАЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///аударма///Алтынсарин атындағы Ұлттық академия, отбасылық тәрбие институты, яғни бұлардың барлығы Білім министрлігінің құрылымына жатады. Қорытындыны солар береді.

 СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ///аударма///Кем дегенде, сабақтан тыс үйірме болуы үшін біз ең алдымен не туралы айтылатынын түсінуіміз қажет. Тақырыбы қандай болады, ол қызықты бола ма? Психикасы қалыптаспаған балаға бұл жүйені енгізуге бола ма жоқ па, сол жағын жан-жақты қарастырып, зерделеу керек. Бұл жерде біз асығыс шешім қабылдай алмаймыз. Біз мұғалімдерді жинап, одан кейін барып қана шешім қабылдауымыз қажет.

РКС: Ермек Маржықпаев 15-ші қыркүйекке дейін ұсыныстар енгізіп, сараптау жүргізуді тапсырды. Қабылдауға келген Ержан Шәшкеновтың мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Пушкин көшесіндегі 4-ші үйдің шатырынан су ағады. Қалалық әкімшілікке, автокөлік жолдары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына аталған мәселені бақылауға алу туралы тапсырма берілді. Жапаш Шәкенов 2007-ші жылдан бері 292-ші болып баспана кезегінде тұр. Бірінші топтағы мүгедек белгісіз себеппен екінші топтағы санатқа ауыстырылған. Мұндай алмастырудың қисынсыз екеніне де шағымдана келіпті.  

СНХ: ЖАПАШ ШӘКЕНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ//аударма///Менің кезегімді ауыстырып жіберген, 15 жыл ішінде екінші айналымда қайтадан кезекке түстім. 10 жыл бұрын менің алдымда үш майдангер кезекте тұрған еді. 

РКС: Қала әкімдігіне жағдайды зерттеу тапсырылды. Ал волонтер Ербол Қажиевке аймақ басшысы мұқтаж жандарға жан-жақты көмек көрсетіп жүргені үшін алғысын білдірді. Ербол жалғыз өзі көпқабатты тұрғын үйлердің ішіне дезинфекция жүргізген. Көпбалалы отбасыларына азық-түлік себеттерін таратыпты. Ардагерлерді құттықтауды да ұмытпаған. Ақ халатты абзал жандарға гүл сыйлап, көңілдерін көтерген.  

АЙДЫН НӘЖКЕНОВ, СӘНИЯ КӨПЖАСАРОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІ ЖОҒАРЫ
20:12, 11 тамыз 2020
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІ ЖОҒАРЫ
Толығырақ...
АУРУХАНАЛАРҒА  ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЛАРЫ ТАРАТЫЛДЫ
20:12, 11 тамыз 2020
АУРУХАНАЛАРҒА ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЛАРЫ ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТТАРЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ
19:48, 5 тамыз 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТТАРЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ
Толығырақ...
ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
19:56, 7 тамыз 2020
ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
Толығырақ...