ШҰҒЫЛ! 25 ҚАРАША- ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ ЖОЮ КҮНІ Толығырақ

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМҒА ҚОЛДАУ

19:43, 19 қараша 2020

ДК: Ақмола облысында 700-ден астам азаматтық бірлестік тіркелген. Мемлекеттік емес ұйымдар өңірдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге сүбелі үлес қосып отыр. Ақмола облысының тоғызыншы азаматтық форумында өңір басшысы Ермек Маржықпаев осылай деді. Жиында «Азаматтық бақылау туралы» заң жобасы талқыланып, қоғамдық бірлестік басшылары өзара пікір алмасты.  

РКС: Биыл еліміздегі азаматтық ұйымдардың белсенділігі 61 процентке артқан. Қазақстанда 23 мыңға тарта қоғамдық бірлестік болса, оның 3 проценті ақмолалық белсенділер. Өңірде 3 мыңнан астам  волонтер 84 орталыққа біріккен. Олар қоғамдық өмірдің әр саласында елге пайдасын тигізіп келеді. Тек биылдың өзінде волонтерлар 10 мыңнан астам медициналық маска үлестіріп, 600 отбасына әлеуметтік көмек көрсеткен.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ///АУДАРМА/// 02/01 Қазіргі таңда өздеріңіз білетіндей, «Азаматтық бақылау туралы» заң жобасы әзірленді. Ол қоғамдық кеңес, жергілікті өзін өзі басқару жүйесіне жаңа тәсілдер ұсынбақ. «САяси партиялар туралы» заңға  өзгерулер енгізілді. Бұл әлеуметтік-азаматтық институттардың трансформациясынан хабар береді. Осы ретте өңірдегі азаматтық ұйымдардың белсенділігін атап өткім келеді. Облысымыздың азаматтық ұйымдары мемлекеттік мекемелердің жұмысын бақылауға, қоғам мен билік арасын жалғауға зор үлес қосып келеді.

РКС: Өңірде 22 республикалық ұйымның филиалы қызмет атқарады. Үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру көлемі 2016 жылы 230 млн. теңгені құраса, биыл бұл көрсеткіш 580 млн. теңгеге жеткен.

СНХ: БАҚЫТ СМАҒҰЛ, «ЕЛ БІРЛІГІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ/// 02/17 Қарапайым адамдардың мұң-мұқтажы, әлеуметтік мәселесі, рухани мәселесі осының бәрі айналып келгенде үкіметтік емес ұйымдардың жүгі болуы керек. Мемлекет өз тарапынан неше түрлі бағдарламалар, реформалар жасайды. Оны жүзеге асыруға ат салысады. Ал, бірақ, адамға, халыққа жақын, ол ең алдымен азаматтық қоғам. Сондықтан да, біз билік пен арадағы осы мәселені түсіне отырып, оған белсене ат салыссақ, мен ойлаймын, бұл қоғамымыз да түзеледі, ел де түзеледі.

РКС: Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет форумға онлайн қатысты. Жиын соңында азаматтық қоғамның белсенділері Құралай Жұмабекова, Дәмелі Қойшина мен Татьяна Спиглазова «Халық алғысы» медалімен марапатталды. Ақмола облысы әкімінің «Қамқор-2020» сыйақысы 11 қоғамдық ұйым басшысына табысталды.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 12 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
19:43, 25 қараша 2020
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 12 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫ...
Толығырақ...
25 ҚАРАША- ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ ЖОЮ КҮНІ
19:41, 25 қараша 2020
25 ҚАРАША- ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ ЖОЮ КҮНІ
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХ  СЪЕЗІ ӨТТІ
19:40, 25 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХ СЪЕЗІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар