ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ Толығырақ

БАБАЛАР РУХЫ- ҰРПАҚҚА ҮРДІС!

15:05, 13 маусым 2018

РКС:  Біржан сал ауданы - ежелден ақындар мен батырлардың елі. Ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан - ғайыр аумақты баһадүр батырлар ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, кейінгі ұрпаққа анамат етті. Бүгінгі Тәуелсіз елдің ұрпағы бабалар ерлігін қашанда құрмет тұтады. Жауар руынан шыққан атақты Пұсырман батырдың ұрпақтары өткен жылы Батырдың жерленген жерін тауып, басын көтеріп, ескерткіш тас қойған болатын.   

СНХ: ҒАЗИЗТАЙ БАҺАУҰЛЫ, ПҰСЫРМАН БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫ Мынадай былай қарай Керте қыстауы, Миялы, Мау деген жерлер бар біздің ата –қонысымыз. Мына жерде Шуақ деген бар. Салықтан тараған ұрпақтар бар. Сарадырдың бойында Бабайшаның зираты жатыр. Осы төңірек жауар елінің жайлауы жалпағынан.

РКС: Ата қонысқа ат басын арнайы бұрған ағайын-туыс Бөгенбай сөресі мен Қойтас, Алдай сор, Мамыр жайлауындағы ескі молалардың басында болып, бабалар рухына бағыштап құран оқыды.   

СНХ: МҰРАТ ЫДЫРЫСҰЛЫ, ПҰСЫРМАН БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫ Бірінші мақсат - бабамыздың атын жаңғырту. Ерлігін ұрпақтың есіне салу. Ұрпаққа ұлттық тәрбие беру. Олардың рухын ояту. Патриоттық сезімдерін ояту. Екіншіден, біз көп жинала бермейміз. Ата-бабадан тараған ұрпақтардың басын қосу. Негізгі мақсат біріне - бірін таныстыру, біріне - бірін білістіру, біріктіру, бірлікке шақыру.

РКС: Ата-қоныстың терең тарихын зерделеп, зерттеп, бүгінгі жастарға таныту аға буынның алдындағы абыройлы міндет.  Себебі, ұлт мүддесін әрдайым биік қоятын кешегі батырлар рухы-өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Осы ретте Ел Президентінің «Рухани жаңғыру» мақаласы тарихтан тағылым алып, сананың салтанатын асыруға жол ашып отыр.

Е. СЕРІКБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

ТҰҒЫРЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫНА ТОЛЫМДЫ ТАРТУ
19:33, 13 желтоқсан 2018
ТҰҒЫРЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫНА ТОЛЫМДЫ ТАРТУ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ  ЖОБАСЫ БЕКІТІЛДІ
19:33, 13 желтоқсан 2018
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ЖОБАСЫ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
18:18, 7 желтоқсан 2018
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА».  БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
18:18, 7 желтоқсан 2018
«АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА». БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
Толығырақ...
АҚАН СЕРІ  ТУЫНДЫЛАРЫ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ КЛАССИКАЛЫҚ ЖАУҺАРЫ!
19:47, 7 желтоқсан 2018
АҚАН СЕРІ ТУЫНДЫЛАРЫ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ КЛАССИКАЛЫҚ ЖАУҺАРЫ!
Толығырақ...