ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

БАЙЛАНЫС ТОБЫ - МЕМЛЕКЕТ ПЕН БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ АЛТЫН КӨПІР

15:21, 17 қаңтар 2020

Көкшетаулық кәсіпкерлердің мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты түйткілді мәселелерін шешу мақсатында облыстық Кәсіпкерлер Палатасының алаңында алғаш рет Байланыс тобы құрылды. Оның құрамына қала әкімі мен басқа да мемлекеттік орган және кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіріп отыр. Алғашқы кездесуге 30 шақты кәсіпкер қатысып, жер телімдерін бөлу, жерді жалға алу мерзімін ұзарту сияқты көптеген мәселелерін алға тартты.

Байланыс тобы  - мемлекет пен бизнес өкілдері арасындағы алтын көпірге айналмақ. Себебі, осы ашық диалог алаңы арқылы кәсіпкерлердің айлап, тіпті жылдап шешілмей келе жатқан түйткілді мәселелері қаралып, шешімін таппақ. Облыстық Кәсіпкерлер Палатасы өкілдерінің айтуынша, кәсіпкерлер жер телімдерін беру, жалға алу сияқты мәселелерге жиі жолығады.

ТИМУР НАХИПБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қаланың және облыс әкімдігімен бірлесіп шешкен мәселелер, жүйелі нәтижелі жұмыстарымыз жоқ дей алмаймын, бар. Десе де, өткен жылы 400-ге жуық кәсіпкердің жері тартып алынды. Сондықтан кәсіпкерлердің негізінен жерге қатысты мәселелері көп туындайды. Бұл жер комиссиясы, қалалық кеңесте қаралған шешімдерге де қатысты. //

Кәсіпкерлердің мемлекеттік қызметке қатысты проблемаларын әлеуметтік желіде көтеріп, мәселені ушықтырудың қажеті жоқ,-дейді қала әкімі.  Себебі, байланыс тобы форматындағы ашық алаң түйткілдің түйінін тарқатудың бір амалы. Жеке кәсіпкер Олег Томусяк жалға алынған жерге емхана құрылысын жүргізуде. Алайда, жерді жалға алу мерзімін ұзарта алмай әлек.

Кәсіпкерлер Палатасының өкілдері іскер азамат құрылысқа шығынданған соң, оның құқы қорғалуы тиіс,- деп санайды. Қала әкімі бұл мәселеде кімнің кінәлі екенін іздегеннен гөрі, мәселенің оңтайлы шешілуіне мән беру қажеттігін алға тартты.

АМАНГЕЛДІ СМАЙЫЛОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Екіжақты туындаған мәселелерді оңтайлы шешудің бұдан артық амалын таба алмаспыз. Кәсіпкер атқарушы органға барып, өз мәселесін шеше алмаса, өз құқын  қорғау үшін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына барады.  Сөйтіп, тізбек жалғаса бермек. Сондықтан, біз осы алаңға толық құраммен келіп отырмыз. Мұнда прокурор да, сот органдарының өкілдері және жер қатынастары басқармасының мамандары бар. ///

Байланыс тобының алғашқы отырысына 30-ға тарта кәсіпкер қатысты. Әрқайсысы өз мәселесін осы ашық алаңда шешіп алуға тырысты. Қала әкімі болса, кәсіпкерлердің түйткілді мәселелерінің оңтайлы шешілуіне мән берді. Айта кетейік, осындай кездесулер алдағы уақытта ай сайын өткізілмек.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...