ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

БАҚДӘУЛЕТ ТАҢАТАР - «БАЛА ДАУЫСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛИСІ

18:52, 8 қараша 2018

РКС: Өнерлі отбасынан шыққан Бақдәулет  екі жылдан бері дарынды  балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығына келіп жүр. Мұнда  жас  талант «Жұлдыздар» үлгілі  ән  студиясында  тәлім  алады.  Жетекшісі  Аридаш  Жараспайқызы шәкіртін ерекше мақтады.

СНХ: ӘРИДАШ ХАМЗИНА, «ЖҰЛДЫЗДАР» ҮЛГІЛІ ӘН СТУДИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ////Бақдәулет өте талантты, дарынды бала. Ән сабағына үлкен жауапкершілікпен қарайды. Өзі  тиянақты, мінезі ашық бала. 17 қарашада КТК телеарнасында смс арқылы дауыс беру жүргізіледі. Сіздерден біздің осындай өнерлі балақайды қолдауларыңызды сұраймын.

РКС: Иә, «Бала дауысы»  байқауы  Бақдәулеттің ән өнерінің биігін бағындырудағы алғашқы қадамы.  Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен ол  қазан айында Алматыда өнер көрсетіп, талайды таң қалдырды. Енді  алдағы 8 желтоқсанда  Астана қаласында өтетін  гала-концертте  ән байқауының жеңімпаздары  анықталмақ. 

СНХ:  БАҚДӘУЛЕТ  ТАҢАТАР, 6-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ/// Бала дауысы маған  қатты  ұнады.  Ол менің ең жақсы көретін байқауым. өйткені мен онда көп жұлдыздармен таныстым. Жаңа достар таптым.

РКС:  20 жылдан артық тарихы бар  дәл осы «Жұлдыздар» үлгілі ән студиясы бұған дейін де талай баланың бағын ашып, жұлдызын жандырған болатын. Бүгінде бұл жерде 85 болашақ әнші тәлім алуда. Солардың бірі,  жерлесіміз  Бақдәулет Таңатар «Бала дауысы» байқауында облыс мерейін асырып,  жеңіске  жетсін десек, біз де өз тарапымыздан  қолдау білдірейік.

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар