ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА

18:20, 13 мамыр 2020

 

ДК: Қазақстанның «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау рәсімін қайта бастады. Өтінішті беру үшін алдымен банктің мобильдік қосымшасын жүктеп, онлайн-тіркеуге тұру қажет. Сөйтіп, қабылдаудың күні мен уақыты белгілі болады. Карантинге байланысты қолға алынған бұл шара, банкке келушілердің санын шектейді.  

 

РКС: Биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасына құжаттарды қабылдау наурыздың 11-і басталған болатын. Алайда, коронавирус індетінің таралуына байланысты бағдарлама уақытша тоқтатылды. Енді міне, карантин шараларының сақтай отырып, құжат қабылдау үрдісі қайта жанданды.

СНХ: АЙНҰР ҚАБДӨШЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ//аударма:///Мен үш баланы жалғыз өзім тәрбиелеп отырған анамын. Бағдарламаның қайта іске қосылғанына қуаныштымын. Қазір құжаттарымды жинап жатырмын. Себебі, осы бағдарламаның шарттары біз үшін өте тиімді. ///

РЗК: «Бақытты отбасы» бағдарламасының шарттарына сәйкес, несие 2 пайыздық жеңілдетілген мөлшерлемемен, 20 жылға дейін беріледі. Бастапқы жарнасы қарыз сомасының 10 пайызын құрауы тиіс.

1-ГРАФИКА: «Бақытты отбасы» бағдарламасының шарттары:

Қарыздың жылдық мөлшерлемесі – 2%

Қарыз мерзімі- 20 жылға дейін

Ең төменгі бастапқы жарна қарыз сомасының -10%-ы

РКС: «Бақытты отбасы» бағдарламасына әкімдікте үй кезегінде тұрған төрт және одан да көп баласы бар отбасылар, мүмкіндігі шектеулі және кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар толық емес отбасылар қатыса алады.

2-ГРАФИКА: 2%-тік ипотека кімдерге беріледі?

- төрт және одан да көп баласы бар отбасылар

-мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар

-кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар толық емес отбасылар

СНХ: ДАНИЯР САУЫТОВ, «ТҰРҒЫН ҮЙ-ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МАМАНЫ///АУДАРМА///«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша облыста жыл басынан жалпы көлемі 2 миллиард 828 миллион теңгеге 473 өтініш берілді. Бүгінде 1 миллиард 973 миллион теңге несие берілді. Жалпы, биыл ақмолалықтар белсенділік танытуда.///

РКС: Биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасын республика көлемінде жүзеге асыруға 50 миллиард теңге бөлінді. Сөйтіп, бағдарлама бойынша құжаттарды қабылдау берілген несие сомасы аяқталғанша дейін жүреді. Бағдарлама 3 жылға жоспарланған. «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің» осы және басқа да мемлекеттік бағдарламалары бойынша мәліметтерді білу үшін банктің инстаграмм парақшасына тіркелу қажет.  @zhilstroi_kokshetau

 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, СӘНИЯ КӨПЖАСАРОВА ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...