ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

БАЛ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

18:28, 17 қаңтар 2020

Көкшетауда дәстүрлі бал жәрмеңкесі бастау алды. Осы жолы Орынбор омарташылары пайдалы өнімнің 20-дан астамын әкеліпті. Олар Башқұрт, Алтай, Адыгей жерлерінде жиналады. Сауда сөрелерінде балдың түр-түрі ұсынылған. Тәтті балды сатушылармен әріптесім Айжан Ақтаева тілдесіп қайтты. 

АЙЖАН АҚТАЕВА, РЕДАКТОР

Жәрмеңкеде шипасы мол табиғи балдың түр-түрі бар. Біреуі оның сұйық түрін ұнатса, енді бірі көпіршітілгенін алуды жөн көреді. Қалай болғанда да, балдың пайдасы әрдайым сол қалпында сақталады.

Табиғи таза өнім қашан да сұранысқа ие. Жәрмеңке сөрелерінен пайдалы шөптер, шайлар, тұнбалар мен жақпа майларды да көруге болады. Оның үстіне бағалары да әдеттегіден арзан.

АЛЕКСАНДР КОЛЕСНИЧЕНКО, САТУШЫ-КЕҢЕСШІ

Біз қала тұрғындарына Ресейдің әр аймағынан, Башқұрт, Алтай, Адыгей және т.б. жерлерден әкелінген бал өнімдерін ұсынамыз. Балды тек тәтті қоспа немесе профилактика үшін ғана емес, сонымен қатар, денсаулықты емдеу үшін де қолдануға болады. Мәселен, жөке жүрекке өте пайдалы. Ал, самырсын балы болса, буындарға аса пайдалы болып келеді. Перга қосылған балмен барлық аурулардың спектрін емдеуге болады. Иммундық жүйені, ағзаны тазартуда балдың емдік қасиеті орасан зор. Мәселен, ара шаруашылығының тағы бір пайдалы өнімі – аналық сүті бар бал. Оның құрамында Менделеев кестесінің барлық пайдалы элементтері кездеседі. Әсіресе, варикоз, әйелдер мен ер адамдарда кездесетін ауруларды емдеуде таптырмайтын ем-дом.

Аталмыш жәрмеңкенің ең басты ерекшелігі – қанша көлемде болсын бал сатып алсаңыз, қосымша тағы бір келі балды сыйға аласыз. 

Айта кетейік, жәрмеңке қаңтардың 17-сі мен 26-сы аралығында «Истоки» мәдениет үйінде жұмыс істемек. Балды сүйіп жейтін қауым үшін есік таңғы 10:00-нан кешкі 20:00-ге дейін ашық.

АЙЖАН АҚТАЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...
ОБЛЫС АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ КҮРТ БҰЗЫЛУЫ МҮМКІН
18:20, 22 қазан 2020
ОБЛЫС АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ КҮРТ БҰЗЫЛУЫ МҮМКІН
Толығырақ...