ШҰҒЫЛ! 73 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ЛАУАЗЫМЫ ЖОҒАРЫЛАДЫ Толығырақ

«БАЛА КІМДІКІ?» КОМЕДИЯСЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

12:40, 12 қазан 2017

Жаңа маусымды, әдетте, салмақты тарихи драмалармен бастайтын театр ұжымы биыл көрермендерін комедиялық қойылыммен қуантуды жөн көрген. Ондағы мақсат тұрмыстық батпан қиыншылықтардан еңсесі түскен естияр көрерменді бір күлдіріп алу,-дейді театрдың көркемдік жетекшісі Төлеубек Көңбай.  Театр ұжымының биыл балаларға арнап дайындаған  базарлығы да көп.

 «Бала кімдікі?» тұрмыстық комедиясының тілі жеңіл, сөзі ойнақы құрылған. Алайда, пьесадағы кейбір кейіпкерлердің сөзі автор тарапынан ерекше сарказм дәрежесіне көтерілген. Кейіпкердің «сөйлеу мәнері» оның мінезінен көп мәлімет беретіндей жүйелі композициялық құрылымға бағынып тұр. Ал, диалог барысында жаңылысып, сөзден сүрінулері, ойламаған жерден қателікке бой алдырулары күлкі тудыру үшін қажетті драматургиялық әдіс ретінде қолданылған. Мұны бас рөлдерді сомадаған театрдың жас актерлері шебер жеткізе білді.

Жаңа маусымды комедиялық қойылыммен бастаған қазақ театры алдағы уақытта көрермендерін классикалық туындыларымен қуантпақ. Оралхан Бөкейдің «Атаукере», Тынымбай Нұрмағамбетовтың «Бес бойдаққа бір той»   сияқты көрерменнің көзайымына айналған қойылымдар құрамы 95 пайызға жаңарған театр әртістерінің қатысуымен қайта сахналанатын болады.

Бибінұр Әмірханқызы

 

 

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ЕЛ ЕРТЕҢІ-БІЛІМДІ ҰРПАҚ!
15:07, 22 қаңтар 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ЕЛ ЕРТЕҢІ-БІЛІМДІ ҰРПАҚ!
Толығырақ...
БӘСЕКЕЛЕСТІК БИІГІН БІЛІМ БАҒЫНДЫРАДЫ!
15:07, 22 қаңтар 2018
БӘСЕКЕЛЕСТІК БИІГІН БІЛІМ БАҒЫНДЫРАДЫ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕДІ!
19:07, 16 қаңтар 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕДІ!
Толығырақ...