БАЛА ТӘРБИЕСІ- ҚОҒАМ ПАРЫЗЫ!

Агротехникалық колледж базасында ұйымдастырылған «ерекше» лагерьде әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық көмекке мұқтаж 21 бала демалыстарын қызықты әрі пайдалы өткізуде.

16:21, 11 тамыз 2017   118

Агротехникалық колледж базасында ұйымдастырылған «ерекше» лагерьде әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық көмекке мұқтаж 21 бала демалыстарын қызықты әрі пайдалы өткізуде. Олай деуге толық негіз бар, өйткені, бұл жерде балалар еңбекке араласып, ауыл шаруашылығы саласының алғашқы әліппесін үйренетін болады. Таңғы тоғыздан кешкі жетіге дейін балалардың уақытын көңілді әрі тиімді өткізудің барлық жолдары қарастырылған.

Лагерьдегі демалушылардың еңбектен тыс уақытын көңілді өткізу үшін түрлі спорттық жарыстар, ойындар өткізіледі. Қалалық білім бөлімі жанындағы мектептен тыс «Әулет» орталығының тәрбиешілері арнайы әзірленген бағдарлама бойынша балаларға көмек көрсетеді. Бір аптаның ішінде балалар бір-біріне бауыр басып, мінез-құлықтарында да біршама жағымды өзгерістер пайда болады. Пилоттық жобаның да басты көздеген мақсаты осы.

Еңбек. Бірлік. Ынтымақ. Осы үш ұғым қиын балаларға арналған лагерьдің басты ұранына айналғандай. Өйткені, еңбекке баули отырып, балалардың басын бірлікке тоғыстырады. Ал бірлік бар жерде қашан да ынтымақ пен тұшымды тірліктің боларына күмән жоқ.

Бекнұр Жеңіс

 

«Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының ресми сайты

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Куйбышев көшесі, 19 үй Байланыс телефондары: 8 (716 2) 40-13-75