ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

БАЛАБАҚШАЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНАДЫ

20:19, 12 мамыр 2020

 

ДК: Аймақтағы мектепке дейінгі мекемелердің бірқатары 13-ші мамырдан бастап жұмысын бастайды. Қазір облыстағы бас санитарлық дәрігер бекіткен қаулыға сәйкес әзірлік шаралары жүргізілуде. 

РКС:  Облыста мектепке дейінгі 262 ұйым бар. Сонымен қатар, мектеп жанында 353 шағын орталық орналасқан. Төтенше жағдайдың аяқталуына байланысты 13-ші мамырдан бастап 151 балабақшада кезекші топтар өз жұмысын бастайды. Бірақ барлық санитарлық нормалар қатаң сақталуы шарт.

СНХ: ЗӘУРЕШ ХАБДУЛЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ ///аударма/// «COVID-19 инфекциясының өсу деңгейі жеті күн ішінде 7%-дан аспаған жағдайда мектепке дейінгі ұйымдар санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жұмысын бастайтын болады. Осыған сәйкес облыстық білім басқармасымен бірлесіп өңірдегі мектепке дейінгі 151 мекеменің тізімін жасадық. Әзірше әрбір топ бойынша бала саны 15-тен аспауы тиіс. Сондай-ақ балабақшаға баратын балалардың денсаулығы туралы анықтамасы болуы шарт. ///  

РКС: Балабақшаларға бірінші кезекте ата-аналары жұмысқа баратын және үйде жалғыз қала алмайтын балалар қабылданады. Медицина қызметкері күніне екі рет топтарды аралап, балалардың жағдайын бақылап отырады. Ал балабақшаға бармаған балғындардың орны сақталады және олар нормаға сай тіркеуде тұрады.

СНХ: БОТАГӨЗ ДҮЙСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ (қаз.)///Бізде 19 аудан бар. Коронавирус тіркелген аудандардағы балабақшалар жұмыс істемейді. Ол Целиноград ауданы түгел, Ақкөл, Егіндікөл және Шортанды ауданындағы Бозайғыр ауылы, Аршалы ауданындағы Аршалы ауылындағы балабақшалар жұмысын әлі бастамайды. Қалған 16 ауданда 13 мамырдан бастап балабақшаларға біртіндеп, балалар қабылдай бастайды.///

РКС: Елдегі төтенше жағдай аяқталғанымен, карантин режимі жалғаса береді. Сол себепті эпидемиолог мамандар тұрғындарды санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырады.

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...