ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

БАЛАЛАР ДӘРІГЕРІ АНАТОЛИЙ ВАННЫҢ ДАРА ЖОЛЫ

18:08, 11 қаңтар 2019

РКС: Әрдайым көтеріңкі көңіл күйде жүретін, өмірге деген құлшынысы жоғары Анатолий Ивановичті өз ісінің шебері деп айтуға әбден болады. Жиырма жыл бұрын зейнет демалысына шыққанына қарамастан, оның жұмыс күнінде бір бос минут жоқ. Ол қашан да емделушілері мен әріптестерінің арасында абыройлы, сыйлы. Айта кету керек, Анатолий Иванович балаларға арналған реанимация қызметінің негізін салушылардың бірі болып табылады.

СНХ: АНАТОЛИЙ ВАН – АНЕСТЕЗИОЛОГ-РЕАНИМАТОЛОГ  / Балаларды емдеу үшін дәлдік және үлкен білім қажет. Онымен қоса, балаларды жақсы көру керек. Егер де оларды жақсы көрмесең, емдеу де мүмкін емес.  /Дәрігерлерге айтарым, өз жұмыстарын жақсы көрулері керек. Алдыңа келген емделушіге туған бауырыңдай жаның ашып, қолдан келгеніңше көмектесуің қажет деп ойлаймын.

РКС: Анатолий Ванның шын есімі – Ван Чжао Юй. Ол Қытай мемлекетінде дүниеге келген. Ал Қазақстанға тың игеру жылдары көшіп келген. Сол кезден бері ол өзінің өмірін медицина саласымен байланыстырған. Әрине, дәрігер болу үшін ерекше күш-жігер мен қайрат, үлкен тәжірибе, шеберлік қажет. Бұл мамандықта қателік жасауға жол жоқ. Ал Анатоий Ван болса өзінің 82 жасында әлі тың, әлі өз қалпында.

СНХ: АНАТОЛИЙ ВАН – АНЕСТЕЗИОЛОГ-РЕАНИМАТОЛОГ // Реанимациядағы жұмыс өте ауыр. Ересектерді емдеудің өзі оңай емес, ал балалармен тіпті қиын. Бұл жерде істейтін дәрігерлер өте сауатты. Бұл жер хирургия да емес, терапия да емес. Бұл реанимация. Яғни, ауыр халдегі балаларды емдейтін жер. Ал дәрігерлердің кәсібилігінің арқасында осы жерден мыңдаған бала сауығып шықты.

РКС: Анатолий Ивановичтің отбасы біздің көпұлтты мемлекетіміздің ең жақсы салт дәстүрлері мен мәдениетін бойына сіңіріп келген отбасы. Бүгінгі таңда біздің қандай ұлт екеніміз маңызды емес. Біз барлығымыз үлкен шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан қазақстандықтармыз, - дейді кейіпкеріміз.

СНХ: АНАТОЛИЙ ВАН – АНЕСТЕЗИОЛОГ-РЕАНИМАТОЛОГ / Мысалы, менің ұлтым - қытай. Орыс ұлтының әйеліне үйлендім. Екі ұлымыз бар. Үлкені армян қызына, кішісі қазақ қызына үйленді. Егер бізідң отбасымыз жайында айтар болсам, біздің мемлекетіміз сияқты – көпұлтты. Егер де отбасында бәрі жақсы болса, мемлекеттің де жағдайы жақсы болады. Біздің отбасы тату-тәтті өмір сүреді. Туыстарымыз көп, қандай да бір қиындық туындаған жағдайда әрдайым бір-бірімізге қол ұшымызды созамыз. Мен осынша жыл өмір сүруімнің сыры да осында шығар. Мұнымен қоса, әрдайым жанымнан тек жақсы кісілер табылып отырды. Біздің бөлімде де түрлі ұлт өкілдері жұмыс істейді. Бәрімізді біріктіретін – ортақ мемлекетіміз Қазақстан. Біз өз елімізді жақсы көреміз. Қазақстан бізідң Отанымыз.  

РКС: Қозғалыс, даму, өз ісіңе деген сүйіспеншілік – бұл Анатолий Ванның ұраны. Ал оның адамгершілігі, даналығы мен ашықтығы оның болмысын одан сайын ажарландыра түсіреді. Қиын-қыстау кезеңде біздің балаларымыздың жанынан Анатолий Иванович Ван сияқты адамның табылуы – үлкен бақыт.  

 Әйгерім Мерекеқызы, Сәния Идрисова

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ!
15:11, 21 қаңтар 2019
БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ!
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК БЕС БАСТАМА. МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМУЫ - БІЛІМДІ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА!
15:11, 21 қаңтар 2019
ӘЛЕУМЕТТІК БЕС БАСТАМА. МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМУЫ - БІЛІМДІ ЖАСТАРДЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕСІЛ АУДАНЫНДА 95 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛҒАН
18:43, 15 қаңтар 2019
ЕСІЛ АУДАНЫНДА 95 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛҒАН
Толығырақ...