ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ Толығырақ

БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНЕ СҰРАНЫС АРТҚАН

12:42, 14 қаңтар 2021

ДК: Кітапханалар карантин кезінде  де оқырмандармен байланысын үзген жоқ. Облыстық Мағжан Жұмабаев атындағы ғылыми-әмбебап кітіпханасының мамандары осылай дейді. Өткен бір жылдың өзінде олар онлайн форматта 700-ден астам іс-шара ұйымдастырған. Қазіргі таңда, санитарлық талаптарға сәйкес кітапхана бір мезетте 30 оқырман қабылдауда. Сала мамандарының айтуынша бүгінде кішкентай оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығы жоғары.

РКС: Кішкентай ғана Мәдина кітапханаға таң сәріден келген. Ол 1 сыныпта оқиды. Осы кітапхананың тұрақты ең жас оқырмандарының бірі.

СНХ: МӘДИНА ҚАЙРАТ, ОҚЫРМАН//қаз/// Маған кітап оқыған ұнайды. Кітапханаға аптасына 2-3 рет келіп тұармын.+скл+Әсіресе маған бауырсақ, қызыл телпек ертегілері ұнайды.

РКС:  Қазіргі таңда кітапхана қорында 400 мыңға жуық кітап бар. Оның 10 мыңы балалар әдебиеті. Ал, балғындар кітабының аздығына балалар әдебиеті жазушыларының тапшылығы  себеп дейді, - кітапханашылар.

СНХ: НАЗИРА ТАШКЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ//қаз/// Қазақ балалар кітаптарының жазушылары өте аз. Сондықтан біздің балалар көбіне аудармаларды сұрайды. Яғни, шетелдердің әдебебиетіне қызығады. Қазір балалар Гарри Потер оқиғасын сүйіп оқиды.

РКС: Сонымен қатар, оқырмандар үйлерінде отырып-ақ кітапханадан кітап алып оқуға мүмкіндігі бар. Ол үшін кітапахана сайтына кіріп,тапсырыс берсе жеткілікті. Қалаған кітабыңызды кітапхана қызметкерлері жеткізіп береді.

СНХ: АЙНАШ ЕРУБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ//Бізде 60+ деген жобамыз бар. Яғни, үйде отырған зейнеткерлер мен жас балғындарға кітаптарды үйге жеткізіп береміз. Олар бізге телефон, сайт арқылы сұраныс жібереді. Сол арқылы біз мерзімді басылымдарды, кітаптарды қажетті мекен жайға жеткіземіз.

РКС: Айта кету керек, бүгінде облыстың санитарлық бас дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес қітапхана қызметкерлерінің 80 проценті жұмысын қашықтан жүргізуде. Яғни, әр бөлімнен  бір маман ғана  күнделікті жұмысқа шығып оқырмандарға қызмет көрсетуде.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, АЗАМАТ БЕКМАҒАМБЕТОВ, АБАЙ ТӨЛЕГЕН. «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
20:10, 27 қаңтар 2021
ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Толығырақ...
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
19:46, 27 қаңтар 2021
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубликалық бірыңғай "адалдық сағаты"
21:00, 21 қаңтар 2021
"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубл...
Толығырақ...
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА  ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ
17:39, 22 қаңтар 2021
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ...
Толығырақ...