ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОТАНДЫҚ СЕРИАЛ ЖАРЫҚ КӨРМЕК

20:29, 9 шілде 2019

РКС: «Нури Мур Продакшн» кинокомпаниясы «Кинокио» балалар киноакадемиясымен бірлесіп, балалардың киноиндустрия саласында дамуына мүмкіндік жасап, «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында жасөспірімдерге арналған қысқаметражды сериалдың түсірілімін бастап кетті. Түсірілім алаңында 40-қа жуық адам жұмыс істеуде. Актерлердің барлығы да «Кинокио» академиясында білім алып жүрген жас дарындылар. Жұмыс тобы бір ай көлемінде сериалдың түсірілімін толық аяқтап, күздің ортасына қарай кино өнімін көрермен назарына ұсынбақ.

СНХ: АРУЖАН ДАМЫЛОВА, АКТРИСА Мен екі жылдан бері фильмдерге түсіп келемін. Шамамен 10 шақты киноға түстім. Ал, бұл сериалда жағымды, мейірімді кейіпкерді сомдамақпын. Бой жеткен шағымда әнші немесе актриса болғым келеді.

РКС:  Сериалдың «Балдәуренде» түсірілуі де бекер емес, себебі, осыдан тура 10 жыл бұрын киноакадемияның алғашқы атауы дәл осы оқу-сауықтыру орталығның атымен аталған болатын, тек араға біраз уақыт салып, «Кинокио» болып өзгертілді. Қазақстанның өнер қайраткері, режиссер, сценарист, продюсер Марат Сәрсенбаев соңғы бірнеше жылда балаларға арналған «Балқаш арқылы Транзит», «Су айнасы», «Баға жетпес достық», «Құпия Ұйым» сынды отандық киноларымен танылып жүр. Бұдан бөлек, режиссер шетелдік компаниялармен бірлескен бірнеше жоба әзірлеуде. Оның айтуынша, шығармашылыққа икемі бар балалар үшін елімізде мүмкіндіктер платформасын қалыптастырудың маңызы жоғары.

СНХ: МАРАТ СӘРСЕНБАЕВ, БАС РЕЖИССЕР  Түсірілімнің алғашқы 10 күні аяқталды, алда әлі біраз жұмыс күтіп тұр. Фильм мелодрама, детектив сынды жанрларды қамтымақ. Бұл түсірілім өзгешеліктерге толы. Себебі, ауыртпалықтың бәрі балаларға жүктелген.

РКС: Сондай-ақ, Марат Әкежанұлы балалар сериалының түсірілімі аяқталысымен тағы да төрт фильмді дайындау жоспарланып жатқандығын айтты.  

ҒАЛЫМЖАН ӨТЕМІСОВ.

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...