ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

АРЫС БАЛАЛАРЫ КӨКШЕТАУҒА САЯХАТ ЖАСАДЫ

13:08, 11 шілде 2019

Жүргізуші: Арыс қаласынан келіп Бурабайда демалып жатқан балалар Көкшетауды аралады. Оларға арнап Ақмола облыстық полиция департаменті экскурсия ұйымдастырды. Балалар бірнеше мұражайда болып, шаһардың көрікті жерлерін тамашалады.

Тілші: Бекболаттың Көкшеге бұл алғаш келуі. Бурабайдың баурайында демалып жатқан жеткіншек Арыстағы апатты ұмытуға тырысады. Бекболат секілді жүздеген бала бүгін Көкшетаудың көркем табиғатын тамашлауға  арнайы келді.

СНХ: БЕКБОЛАТ ОРЫНБАЙ

Лагерьге келгеніме өте қуаныштымын. Маған Көкшетау қатты-қатты ұнап жатыр. Және де осы жаққа экскурсияға, важатыйларымызға көп-көп рахмет. Осы барлық жерге қыдыртып жатыр. Осы Бурабай қаласына шынымды айтсам, бірінші рет келіп тұрмын. Өте-өте табиғаты керемет екен. Ауасы да.

СНХ: СҮНДЕТСӘЛИДЕН

Біз осында демалып жатырмыз. Қорқынышымыз басылды. Бізде бәрі жақсы. Экскурсияға жібіріп жатыр. Жақсы демалдыртып, қыдыртып, барлық жағдайымызды жасап беріп жатыр. Бізге бәрі ұнап жатыр. Келешекте осында оқуға да түсетін шығармын деп ойлаймын.

Тілші: Биыл шаһарға - 195 жыл. Балалар Бұқпа тауына шығып, Ақмола облысының орталығын жоғарыдан тамашалады. Арыстан келген балаларды полиция қызметкерлері ерекше қарсы алды. Музейге апарып, сыйлықтар да тарту етті

СНХ: РАЙЫМБЕК ҚАБДУАШЕВ ПОЛИЦИЯ КАПИТАНЫ

Арыс қаласынан келіп, Бурабай ауданында Звездный лагерінде демалып жатқан балаларға шағын экскурсиямызды көрсеттік. Экскурсияда Көкшетау қаласының полиция департаментінің мұражайымен танысты. Көкшетау қаласының тарихымен танысты. Балаларға ұнады деп санаймын. 

Тілші: Қазіргі уақытта Ақмола облысында Арыс қаласынан келген 145 бала демалуда. Бірер күнде демалушылардың екінші легі келмек. Ал жаздың аяғына дейін барлығы 500-ден астам баланы қамту жоспарланған.

Тақырып бойынша материалдар

МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН  КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
17:39, 17 қыркүйек 2019
МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
16:34, 13 қыркүйек 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
Толығырақ...