ШҰҒЫЛ! АУЫЛҒА ТАЗА АУЫЗ СУ ЖЕТТІ Толығырақ

БАЛАМАСЫ ЖОҚ КӘСІП АШҚАН

19:34, 21 қазан 2020

ДИКТОР: Жарқайың  ауданының  орталығында  алғашқы  кофехана  ашылды.  Аталған аймақтың өзге жерінде  оның  баламасы  жоқ.  Жас кәсіпкерге  мемлекеттік бағдарламалар  қолдау  болған.

РКС:  Державинск қаласының тұрғыны Илья  Кайдин  кәсіп  ашуды  өткен  жылы  ойға  алған.  Сөйтіп, былтыр «Бастау»  жобасы бойынша 1 ай оқу курсынан өтіп, грант алады. Мемлекет ұсынған ақшаға кофехана ашуды жөн көреді.  Мұнда  бір  мезетте 16  адам сыяды.

СНХ: ИЛЬЯ КАЙДИН, КӘСІПКЕР///РУС/ Мемлекет ұсынған бағдарламаның тиімділігін көріп, мынадай кофе қайнататын машина сатып алдым. Қостанайда барист болып жұмыс істегенмін.  Енді өз туған қаламның  тұрғындары нағыз кофе ішсін деген ниетпен осы кәсіпті қолға алдым.

РКС:  Ауданда кәсіп ашуға ұмтылған жастар көп. Жұмыспен қамту орталығы  жетекшісінің айтуынша,  олар сұранысы жоғары, баламасы жоқ  кәсіп  ашуға  қызығады.

СНХ: ДЕНИС  ФРОЛОВ,  АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ   ЖЕТЕКШІСІ/// РУС// биыл 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарламасы  аясында  өз кәсібін ашуға ниетті 17 адам мемлекеттік грант алды. Оның 4-еуі жастар. Олар сауда, компьютер диагностикасы, мал шаруашылығы саласын дамытып,   кофехана ашты. Айтулы бағдарлама жас кәсіпкерлердің сүйікті ісімен айналысуларына мүмкіндік береді.

РКС: Өткен жылы ауданда «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша 78 адам оқыту курсынан өткен. Биыл олардың саны 33.  Өз кәсібін ашуға ниеттенген 17  адамға 9 млн 445 мың теңге көлемінде мемлекеттік грант берілді.

АЙГҮЛ   МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ,  НИКОЛАЙ СТАРОЖИЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ,  «КӨКШЕ  АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

COVID-19:  ЖЕЛТОҚСАННЫҢ АЛҒАШҚЫ 3 КҮНІНДЕ 72 ДЕРЕК ТІРКЕЛДІ
19:11, 3 желтоқсан 2020
COVID-19: ЖЕЛТОҚСАННЫҢ АЛҒАШҚЫ 3 КҮНІНДЕ 72 ДЕРЕК ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БОЛЕЕ 30 ДОЛЬЩИКОВ НЕ МОГУТ ВЪЕХАТЬ В СВОЕ ЖИЛЬЕ
14:10, 30 қараша 2020
БОЛЕЕ 30 ДОЛЬЩИКОВ НЕ МОГУТ ВЪЕХАТЬ В СВОЕ ЖИЛЬЕ
Толығырақ...
«Ахмет Байтұрсынұлы - адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбындағы «Адалдық сағаты»
15:37, 30 қараша 2020
«Ахмет Байтұрсынұлы - адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбын...
Толығырақ...