ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

БАЛАУСА БАЛУАНДАР БЕЛДЕСУІНДЕ АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

17:01, 13 қаңтар 2020


Көкшетау қаласындағы «Қайрат» қазақ күресі залында Жа4а жылдың алғашқы жарысы өткізілді. Боз кілемге 2005-2006 жылы туған жасөспірім балуандар шықты. 

Жылдың алғашқы жарысы кіші жасөспірімдерді алдағы жауапты белдесулерге ширатып, жетілдіріп, шыңдап апару болатын. Сондықтан оған 15 өңірден  125 спортшы жиналды. Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов балауса балуандар белдесуін тамашалауға келіп, осы сәтті пайдаланып, күрестен КСРО спорт шебері Дағыстан жігіті бүкіл санаулы ғұмырын Қазақстанда өткізген Ахмет Раджапов пен кездесіп, қапияда мүгедек болып қалған ардагер балуанға денсаулық тіледі. Ахмет Багаудинұлының әріптестері өз аттарынан сый-сыяпат жасады. Бұдан соң жасөспірім балуандар белдесуі басталып кетті.

МАРАТ ҚОЙШИН, ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ

Жыл басындағы жарыс жасөспірімдер үшін алдағы сайыстарға сара жол ашады. Сондықтан болар олар қатысушылар саны биыл бірнеше есеге артты. Қазақ күресінің қанатының кеңге жайылып келе жатқанын сезіндік. Әрине, мықтылар жеңіске жетеді. Солардың арасынан құрама сапында күресетін балуандарды іріктейміз.

Қазақ күресінің Ақмола облысында да қанат жайып келе жатқандығы қуантады. Бұл үрдіс үлкен спортқа жетелеудің бастауы іспетті.

ЖАНАЙ ЫБЫРАЕВ, АРШАЛЫ АУДАНЫНЫҢ БАПКЕРІ

Біздің ауданда соңғы жылдары қазақ күресі мықтап дамуда. Ол ауыл аймақта да жетіліп келеді. Соның игі нәтижесін көрудеміз. Облыс құрамасында бірнеше спортшымыз өнер көрсетуде. Жылдың алғашқы жарысына да кілең мықтыларды алып келдік.

Қазақ күресінен өткен жасөспірімдердің іріктеу чемпионатында күштілері жеңістің биік тұғырына көтерілді. Олардың арасында болашағынан  көп үміт күттіретін балауса балуандар қазақ күресі мамандарының назарына ілікті.

 

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...