ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

БАЛҒЫН БОКСШЫЛАР ЖАТТЫҒУ ҮСТІНДЕ

20:20, 12 мамыр 2020

ДИКТОР: Карантин кезінде спорттық бабын аз-кем әлсіретіп алған боксшы балалар таза ауаға шығып, жаттығу жұмыстарын жүйелі жүргізіп жатыр. Жас та болса тәжірибелі жаттықтырушы, спорт шебері Ғайдар Сатанов шәкірттерін қашықтыққа арналған бағдарламаға сай дайындау үстінде.

РКС: «Центральный» шағын ауданындағы бір-біріне жапсарласа салынған спорттық алаң сол төңіректің тұрғындарына толы. Олардың жас мөлшері де әртүрлі. Солардың арасынан кешегі кеңес одағы кезінде бокстан Көкшетау облысының намысын лайықты қорғаған алпыстың асқарындағы Ғалымжан Айбасов, Ерғали Ескендіров, ағалар өкшесін басып келе жатқан Ерік Жүсіповті көріп, көңіліміз марқайып қалды. Сырлы табақтың сыры кетсе де, сыны кетпейді деген осы болар.

СНХ: ҒАЛЫМЖАН АЙБАСОВ, БОКС АРДАГЕРІ (АУДАРМА) // Карантин режимі аз-кем жеңілдетілгеннен кейін отбасымызбен осы спорт алаңына келіп, таңғы жаттығулар жасап жүрміз. Немерелеріммен жасты балғын боксшылардың дайындығын көріп, осыдан жарты ғасыр бұрыңғы шаршы алаңдағы шайқастарымды көз алдыма елестетемін. Спортшы үшін қандай жағдайда болмасын бабында болу қажет. Мына балалардан сол қасиетті көріп қуанамын.

РКС: Шағын ғана топпен жаттығу жүргізіп жатқан бокс бапкерін әңгімеге тарттық.

СНХ: ҒАЙДАР САТАНОВ, БАПКЕР (ҚАЗ) // Күн жылынғалы осы төңіректе тұратын бірнеше баланы жаттығуға шақырдым. Олармен карантин ережесіне сай арнайы бағдарламамен жұмыс істеймін. Физикалық дайындыққа ерекше мән береміз. Бокстың өзге де әдістерін үйретіп жатырмын. Ара қашықтықты қатаң сақтаймыз.

РКС: Таза ауада дайындық жасап жатқан жасөспірім боксшылардың арасында қала, облыс чемпионы атанып үлгерген өреңдер де аз емес.

СНХ: ӘРСЕН ҚАЗБЕКОВ, ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ҚҰРАМАСЫНЫҢ МҮШЕСІ (ҚАЗ) // Таңертеңгі 7-де келіп кросс жүгіруден бастаймыз.

СНХ: НИКОЛАЙ ЛАСТОЧКИН, ЧЛЕН СБОРНОЙ ОБЛАСТИ СРЕДИ ЮНОШЕЙ (ДЛЯ РУСС)// Тренируемся по плану...

РКС: Біраз  уақыт бокс залына бармаған балғындардың таза ауада жаттығуы олардың бойын сергітіп, шеберліктерін ширата түсуде. Жаттығудан соң өреңдер бокс ардагері Ғалымжан Айбасов аталарымен емен жарқын әңгімелесіп, батасын алды.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ. КӨКШЕ-АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...