ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

БАЛҒЫН БОКСШЫЛАРДЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТУРНИРІ ӨТУДЕ

16:10, 8 қаңтар 2020

Красный Яр селосында жерлесіміз, бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, полковник Мереке Жүсіповтың жүлдесі үшін жасөспірім боксшылардың  дәстүрлі турнирі басталды. Биыл бұл жарысқа Германия, Ресей, Қырғызстан және өз еліміздің  бірнеше аймағынан спортшылар келіп, күш сынасуда.

Мереке Жүсіповтың турнирі қашанғыдай талантты боксшыларды топтастырып, олардың спорттағы алғашқы қадамына мүмкіндік беретін сайысқа айналуда. Мереке Ертайұлының кіндік қаны тамып, Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген жаттықтырушысы  Қуанышпай Қоқышовтан бокс қолғабын киген Красный Яр селосының жұртшылығы осынау жарысты жыл басында асыға күтеді. Туринирдің ашылу салтанатында Көкшетау қаласының әкімі  Амангелді  Смайылов және басқа да азаматтар жасөспірім боксшыларға шаршы алаңда жеңіс тіледі. Мұнан соң алғашқы кездесулер басталып кетті.

Турнирдің бірінші күні шаршы алаңға 60 жұп боксшы шықты. Әр салмақ дәрежелерінің мықтылары алдағы кездесулерге жолдама алды. Солардың бірі Зеренді ауданындағы Қызылтаң ауылынан келген  боксшы әдемі ойын өрнегін көрсетті.

СЕРІК ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНЫҢ БОКС БАПКЕРІ, 

Біздің Қызылтаң ауылының боксшылары бұл турнирге 18 рет қатысуда. Солардың бірі бокстан Қазақстанның спорт шебері Әнуар Батырханов Жүсіпов турнирінен үлкен спортқа жолдама алды. Бұл күндері Ақмола облысының турнирінде топ жарып жүрген Әділбек Темірбеков осы жарыста тұсауы кесіліп жеңістен жеңіске жетуде.

Ест.шум

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ РЕДАКТОР:

М.Жүсіпов турниріне Красный Яр селосының тумасы Александр Мелешко Германиядан өз шәкіртін шыңдап әкеліпті.

 33кг салмақта сынға түскен неміс боксшысы шығыс Қазақстандық қарсыласынан басым түсті.

КОЦА ТОНИ, ГЕРМАНИЯ БОКСШЫСЫ

Қазақстан боксшыларының әлемдік деңгейін жақсы білеміз. Сондықтан, Мереке Жүсіпов турниріне жақсы дайындықпен келдім. Красный Яр селосында туып-өскен, қазір Германияда тұратын бапкерім Александр Мелешкоға алғысым шексіз.  

Мереке Жүсіповтың  жүлдесі үшін өтіп жатқан жасөспірім спортшылардың финалдық сайыстары тоғызыншы қаңтар күні сағат 11:00 басталады. 

Мереке Жүсіпов, турнирінен түсірілген репортаждың толық нұсқасын алдағы бейсенбі 9 қаңтар күні 18:45 минутта «Олимпке жол» бағдарламасынан көретін боласыздар.

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...