ШҰҒЫЛ! ШЫТЫНАҒАН ШЫҢЫЛТЫР АЯЗ 45°-ҚА ДЕЙІН ЖЕТЕДІ Толығырақ

Балғындарға арналған шарапатты шара

19:00, 18 наурыз 2017

Наурыз мерекесі қарсаңында Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесі медициналық-әлеуметтік мекемесінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Наурыз мерекесі қарсаңында Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесі медициналық-әлеуметтік мекемесінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.  Шарапатты шара шаһардағы  мейманханалардың бірінде өтті.  Онда балғындарға  мерекелік бағдарлама, қызықты қойылымдар ұсынылды.

Кәсіпкерлер қарбалас жұмысты қайырып қойып,  мүмкіндігі шектеулі балаларға мереке ұйымдастыруды жөн санапты. Бүгінгі кешке 20-ға жуық мүмкіндігі шектеулі жан қатысты. Кәсіпкерлердің бастамасымен ұйымдастырылған мұндай ізгі шара екі жылдан бері дәстүрге айналған.

Балғындар "Жас отан" жастар қанатының белсенділерімен қосылып ән айтты, би биледі, ойындар ойнады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, олар бұл күнді ерекше асыға күткен.

Ұйымдастырушылар мұндай шаралар өзге де жандарға үлгі болса екен дейді. Себебі, мүмкіндігі шектеулі жандарға қашан да қолдау қажет. Олар қамқорлық пен сүйіспеншілікке зәру.   

Раушан Сайлауқызы, Наталья Анфимова,  Сабырбек Кулатайулы

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАРҚАЙЫҢДЫҚТАР МАЛ БАСЫН ЕСЕЛЕУГЕ НИЕТТІ
19:24, 23 қаңтар 2018
ЖАРҚАЙЫҢДЫҚТАР МАЛ БАСЫН ЕСЕЛЕУГЕ НИЕТТІ
Толығырақ...
ТУУ ТУРАЛЫ КУӘЛІКТІ ЕНДІ СМС ХАБАРЛАМА АРҚЫЛЫ АЛУҒА БОЛАДЫ
19:23, 23 қаңтар 2018
ТУУ ТУРАЛЫ КУӘЛІКТІ ЕНДІ СМС ХАБАРЛАМА АРҚЫЛЫ АЛУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар