ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ Толығырақ

БАЛЫҚШЫНЫ ІЗДЕУ ЖАЛҒАСУДА

19:11, 29 қазан 2020

ДИКТОР: Астрахан ауданында бес күннен бері із-түзсіз жоғалып кеткен үш балықшыны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің хабарлауынша, құтқарушылар көмегімен әзірге екі адамның денесі табылған.

РКС: Оқиға Ұзынкөл ауылдық округінің аумағындағы Баршын көлінің маңында болған. Өткен сенбіде Астрахан ауданының өрт сөндіру бөліміне аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінен жоғалып кеткен үш адамға іздестіру жұмыстарын жүргізуге көмек қажет екендігі туралы телефон хабарламасы келіп түседі.

СНХ: ҚАНАТ ДОСПАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ///аударма///Екі күннен кейін, яғни 26 қазанда қамыс арасынан моторлы қайық, кейінірек мотор және балық аулау құралдары табылды. 28-і күні сағат 11:30-да жағадан бір шақырым, қайықтан 250 метр қашықтықта бір адамның, сол күні, кешкі бес жарымдар шамасында жағалауда, қамыс арасынан суға батып кеткен екінші адамның денесі табылды.

РКС:   Қазір құтқарушылар 1978 жылы туған үшінші адамды іздеуді жалғастыруда. Құтқарушылар көлдің жағасындағы қалың қамыс іздестіру жұмыстарына кедергі келтіріп отырғанын айтады. Сонымен қатар мамандар  қазіргідей мұз толық қатып үлгермеген көлде балық аулау, қауіпсіздік ережелерін сақтамау   әр адамның өміріне қауіп төндіретінін ескертеді.  

ТАБЫСБЕК ҮСЕН, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВА, ЕРСАЙЫН ҚОЙШЫБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
19:18, 24 қараша 2020
САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар