ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ Толығырақ

БАРЫМТАҒА – ҚАРЫМТА...

18:27, 20 қараша 2020

ДК: Өңірде мал ұрлығы тыйылмай отыр. Бірақ өткен жылмен салыстырғанда біршама азайған. Былтыр 32 дерек тіркелсе, биыл ол көрсеткіш – 12. «Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасының нәтижесінде төмендеген. Сондай-ақ, базарға тасымалданатын ет өнімдері де қатаң қадағалануда.

РКС: Көкшетау қаласының полиция басқармасына бүгінде жылқы ұрлығына қатысты 7 шағым түскен. Жедел іздестіру нәтижесінде мал иелеріне қайтарылды. Полицейлер жоғалған сәтте бірден бізге жүгінгені дұрыс. Өйткені, уақыт өтіп кетсе, оның ізіне түсу қиындық тудыратынын айтады.

СНХ: ҚАНАТ АХМЕТОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БӨЛІМШЕ БАСТЫҒЫ///аударма///Мысалы, жуырда ғана Көкшетау қаласының жанындағы Красный Яр елдімекенінен арызданушы жайылымдағы жылқысы жоғалғанын мәлімдеді. Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында оның жоғалмағаны анықталды. Иесі көзден таса қылған, басқа жаққа жайылып кеткен. Мал иесіне қайтарылып, қылмыстық іс тоқтатылды.

РКС: Жедел алдын алу шарасы кезінде Көкшетау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері тиісті құжаттарсыз мал тасымалдайтын  автокөліктерді тоқтатып, тексеру жұмыстарын жүргізуде. Бір күнде Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 406-бабы бойынша ветеринария саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін  әкімшілік 2 хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

СНХ: ҚАНАТ АХМЕТОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БӨЛІМШЕ БАСТЫҒЫ ///аударма///Тасымалданатын малға немесе етке мал дәрігерінен және учаскелік инспектордан анықтама мен тиісті құжаттарды алу керектігін түсіндіргім келеді. Негізінен біздің өңірге ет өнімдері аудандар мен көршілес Солтүстік Қазақстан облысынан әкелінеді. Осындай келеңсіздіктердің алдын алу бағытында халықпен ұдайы жиындар өткізіп, түсіндіреміз.Алда соғым кезеңі келе жатыр. Сондықтан әр тұрғын өзінің ақ адал малына сақ болуы керек.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
19:18, 24 қараша 2020
САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар