ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРДІҢ ЖАҢА ҚАУЛЫСЫ

18:55, 20 мамыр 2020

 

ДИКТОР: Облыстың бас санитарлық дәрігерінің карантиндік шараларды   жеңілдетуге   байланысты   жаңа  қаулысы  шықты.  Өткен аптаның сараптамасы бойынша  өңірде  COVID-19 инфекциясын   жұқтыру  деңгейі  3 пайыз. Ал Целиноград ауданында  7 пайызға өскен. Сондықтан, бұл аймақта  карантин талаптары  қатаң  сақталады.

 

РКС:  Бүгіннен бастап азық-түлік, тұрмыстық химия заттарын сататын сауда орындары кешкі 10-ға дейін жұмыс істейді. Ал базардағы сауда жұмысы алтыға дейін созылды. Фитнес орталықтарда  1 адамның жаттықтырушымен жеке дайындалуына, кешкі оннан кейін сыртта жүруге рұқсат етілді.  Сыйымдылығы 30 адамға дейінгі қоғамдық тамақтану  орындары кешкі онға дейін жұмыс істейді. Қосымша білім беру орындары да 10 адамға дейін жинап, жұмысын жалғастыра алады. 25 мамырдан бастап облысішілік   автобустар жүре бастайды. Құлшылық ету орындарына келетіндердің саны аумақтың 30 пайызынан аспауы тиіс. Бұл өзгерістердің елорда іргесіндегі Талапкер, Қосшы елдімекендеріне қатысы жоқ. Облыстың бас санитарлық дәрігері барлық тұрғындар мен жұмысын  бастаған мекемелерге  санитарлық талаптарды сақтаулары  тиіс екендігін айтады.

 

СНХ: АЙНАГҮЛ  МУСИНА, ОБЛЫСТЫҢ  БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ///РУС//04:22///Төтенше жағдай режимінің аяқталуы халықты босаңсытып жіберді. Көбі карантин талаптарын сақтамайды. Маска кимейді. Адам көп болатын  орындарда маскасыз  жүреді. Қазір Рамазан айы болғандықтан, көбі ауызашарға шақырады. Мысалы, Целиноград ауданында бір отбасының 15 адамы отбасылық шара өткізіп, қазір барлығы госпитальда жатыр. Сондықтан, санитарлық талаптарды сақтау қажет.

хотелось бы отметить, что режим ЧП очень расслабил население. Многие не соблюдают требования.  Не носят маски. Посещают места с массовым скоплением без маски. И провидтся мероприятия. Так как сейчас идет месяц ораза. И многие на ауызашар приглашают. Послений случай, в Целинаградском районе 15 человек с одной семьи проводили семейное мероприятие и все находятся сейчас в госпитале. Поэтому надо соблюдать санитарные меры.

 

РКС: Сондай-ақ, маусымның екінші онкүндігінен бастап былтыр Ақмола облысынан әскерге шақыртылған 300-дей сарбаз үйіне оралады. Олар алдымен коронавирус індетінің бар-жоғын анықтайтын тест тапсырады. Екі апта үй карантинінде болады.

 

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...