ШҰҒЫЛ! 23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ Толығырақ

БАСПАНА КЕЗЕГІН КҮТКЕНДЕР КӨП

15:26, 16 қазан 2020

Жүргізуші: Ақмола облысында балалар үйлерінің түлектеріне баспана бөлу өткір мәселе болып тұр. Жетімдер кезек баяу жылжуда деп шағымдануда. Пәтер алуды жылдап күтіп жүргендер көп. Өңірде ата-анасының қамқорынсыз қалған 2 мыңнан астам бала бар. Олар да кәмелеттік жасқа толғанда баспана кезегіне қосылады.

Тілші: Динара Тасболатова балалар үйінің түлегі. 2 баланың анасы. Қазір пәтердің бір бөлмесін жалдап тұрады. Жергілікті әкімдік болса, уақытша баспана ретінде жатақханадағы мына бөлмені ұсыныпты. Бұл жерде тұру мүмкін емес, - дейді Динара.   

СНХ: ДИНАРА ТАСБОЛАТОВА БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТҮЛЕГІ

(Аударма) Бұл бөлменің жағдайы сұмдық. Ылғал. Тар. 2 баламмен қалай сыямыз. Мен осы жерде 9-10 жыл тұруым керек. Себебі кезектің жылжуына қарасақ, маған баспана алу үшін осыншама уақыт қажет.

Тілші: Динара сияқты жандар аз емес. Көкшетаудың өзінде кезекте тұрғандар 1 мыңға жуық. Баспаналы болуды күткендеріне 6-7 жылдан асқан. 

СНХ: ТАТЬЯНА ДАНИЛОВА БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТҮЛЕГІ

(Аударма) Мен пәтерді 75 мыңға жалдап тұрамын. Бастапқы жарнаға ақша жинау қиын. Түсінемін, мемлекет бірден барлығымызға баспана бере алмайды. Дегенмен басқа жолдарын қарастырса, мүлдем тегін берсін демеймін. Кезекке 6 жыл бұрын 778-інші болып тұрғанмын. Қазір 539-ыншымын. Мен пәтерді қашан аламын?!     

Тілші: Ақмола облысында 21 мың адам баспана кезегінде тұр. Оның 4 жарым мыңға жуығы жетімдер мен ата-анасының қамқорынсыз қалғандар. Ал жыл сайын орта есеппен балалар үйлерінің тек 90 түлегі баспаналы болуда.   

СНХ: ЕЛЕНА ЕРИНА ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

(Аударма) Соңғы 4 жылда, биылғы 9 айды қоса алғанда, Ақмола облысында жетімдер мен ата-анасының қамқорынсыз қалғандар санаты бойынша 288 адамға пәтер берілді. Баспана бөлуді жергілікті әкімдер жүзеге асырады. Заңға сәйкес қолданысқа берілген жалдамалы пәтерлердің 20 проценті осы санатқа бөлінуі қажет. Бұл талап орындалуда.  

Тілші: Биыл Ақмола облысында 300 жалдамалы пәтер қолданысқа берілді. 20 проценті 60 болса да, баспанаға қол жеткізген жетімдер саны 27-і ғана. Жыл соңына дейін тағы 185 пәтер салынбақ. Кезекте тұрғандар осы баспаналардан үмітті.

 

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
19:16, 23 қазан 2020
АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
18:25, 23 қазан 2020
ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...