ШҰҒЫЛ! ЕЛ ҮМІТІН - ЕР АҚТАР! Толығырақ

БАСПАНА - ОТБАСЫ БЕРЕКЕСІ!

19:11, 6 маусым 2019

РКС: Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асыруда бірегей қызмет атқарады. Мысалы, Елбасы белгілеген міндеттің бірі – әскери қызметшілерге пәтер ұсыну осы қаржы ұйымының құзіретінде. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 59,4 млрд. теңге бөлінді. Қомақты қаржыны игеруді облыстық филиал ел аумағында алғашқылардың бірі болып қолға алған. Бүгінде 22 әскери қызметшге пәтер кілті табысталды.

СНХ: ЕРБОЛАТ ЕДІГЕЕВ, ТҰРҒЫН ҮЙ-ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ /// Қазір Ақмола облысы бойынша осы бағытта екінші мамырдан қарқынды жұмыс жүргізу басталды. Қазір 22 азамат өзі армандаған баспаналарына қол жеткізіп, жалпы сомасы 234 млн. теңгеге несие алды.

РКС: Қайрат бүгін алғаш рет жұмыстан үйге, өз үйіне қайтып келе жатыр. Дәл қазір қатал командирдің міндеті қос құлыншағын бір иіскеу.

РКС: Қайрат Жанжігітұлы 11 жыл әскер сапында қызмет атқарады. Үй іші Әсем екеуі 5 жыл бұрын отбасын құрыпты. Қазір Зере мен Сұлтанды тәрбиелеп отыр. Баспаналы болу олардың көптен күткен арманы еді.

СНХ:ҚАЙРАТ САРИЕВ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІ/// Орал қаласында, Ақтау қаласында. Қазір 5510 әскери бөлімінде Взвод сержанты қызметін атқарып жүрмін.  Көкшетауда 7 жыл қызмет атқарып жатырмын.  «Әскери баспана» деген бағдарлама арқылы құжаттар дайындадық. Сенбі күні көшіп келдік. Құжаттарға 2 жұмадай уақыт кетті.

РКС:  Зеренің қуанышы кешелі бері қойнына сыяр емес. Күн бұрын бұл үйдің кішкентай  ханшайымы 4-ке толды. Ойыншық пен тәттіге кенелген Зере мен «мәшине» алған Сұлтанға басты сыйлық осы баспана еді. Әлбетте, ойын балалары мұны білмейді де. Ал, Қайраттың көңі сабасына түскендей. Бұдан былай Ұлттық ұлан сардарының өз үйі – өз қорғаны бар.   

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:26, 18 маусым 2019
ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНД...
Толығырақ...
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСАТЫ
19:06, 18 маусым 2019
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар