ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

БАТЫР АУЫЛЫ КӨРКЕЙЕ ТҮСПЕК

14:59, 12 мамыр 2020

ДИКТОР: Ақкөл ауданына қарасты Еңбек ауылы Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, өңірдің мақтанышы Сағадат Нұрмағанбетовтың туған өлкесі ретінде танымал. Бүгінде ауылды көркейтуге байланысты жұмыстар жүргізілуде. Ал ауыл мектебіне батырдың есімі берілмек.

РКС: Армия генералы, еліміздің тұңғыш қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов көзі тірі болса, биыл 96 жасқа толар еді. Оның ерлігі ел есінде. Әсіресе туған жері Еңбек ауылы батыр есімін ұлықтауға барын салуда. Еңбек орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін бюджеттен 165 млн теңге қаражат бөлінген.

СНХ: САҒЫНДЫҚ АБАХАНОВ, ЕҢБЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ  ӘКІМІ (аударма )// Жөндеу жұмыстары басталып кетті. Уақытында аяқтаймыз деген сенімдемін. Сонымен қатар, көшелерді жарықтандыруға, жолдарды жөндеуге және абаттандыру жұмыстарына да қаражат бөлінді. Жоспарланған бұл жобалар ауылымызды көркейтіп, «Еңбектің» бет-бейнесі  батырымыз Сағадат Нұрмағамбетовтың атына толықтай сай болатынына кәміл сенімдімін. //

РКС: Ауылдың мәдени спорт кешеніне де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған 149 млн.теңге қаржы бөлінген. Жаңа үйлер, балаларға арналған алаңқайлар салынуда. Бұл өзгерістер ауыл тұрғындарын қуантып отыр. 

СНХ: ГАЛИНА ЖҮСІПОВА, ЕҢБЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ (АУДАРМА) // Бар ғұмырым осы ауылда өтті. Бұл менің туған ауылым. Ауылда болып жатқан әр өзгеріске бей-жай қарамаймын. Ауылымыздың көркейіп, жақсы жағына өзгеріп жатқанына өте қуаныштымын.  

РКС: Ауыл тұрғындары Ақмола облысының құрметті азаматы, жерлестері Сағадат Нұрмағамбетовтың туған жерінің көркеюіне бар күш-жігерін жұмсайтындықтарын айтады. Айта кетейік, ауылдық округте барлығы мыңнан астам тұрғын бар.

ТҰМАРЫМ БАБАСАНОВА, ГҮЛНӘР БОҚПАНОВА, ШОҚАН ТӘУКЕЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...