ШҰҒЫЛ! ШЫТЫНАҒАН ШЫҢЫЛТЫР АЯЗ 45°-ҚА ДЕЙІН ЖЕТЕДІ Толығырақ

БАТЫРЛАР ТУҒАН БАҚ МЕКЕН!

19:15, 18 мамыр 2017

Ақмола өңірінде Елбасының мақаласындағы міндеттерге байланысты жүйелі жұмыстардың жоспары қарастырылып жатыр.

Ақмола өңірінде Елбасының мақаласындағы міндеттерге байланысты жүйелі жұмыстардың  жоспары қарастырылып жатыр. Дегенменде бұл бұған дейін рухани жобалар болған жоқ деген сөз емес.  Өңірде ұйымдастырылып жатқан мәдени, тарихи шаралардың барлығы осы жаңғыруға арналған. Бұл тұрғыда, әсіресе, өңірдегі мәдени ошақтар мен мұражайлардың ерен еңбегі бар.

Мәлік Ғабдуллин музейі  жаңғыру жұмыстарын әлдеқашан қолға алған. Мәселен, бір ғана мысал өткен жылдан бастау алған "Ауылым - алтын тұғырым" инновациялық жобасының маңызы өте зор. Бағдарлама аясында   әр ауыл өз көрмесін музейге әкеліп, бір айдың көлемінде келушілер назарына ұсынылуда.   Сол жерде ауылдың тарихы, ел жері, белді азаматтары туралы ақпараттар беріледі.  "Туған жер" бағдарламасы аясында тағы бір қолға алынған жоба "Батырлар туған бақ мекен" деп аталады.

Бүгінде Елбасы мақаласының аясында қызу талқыға түсіп жатқан тақырыптардың бірі -латын әліпбиіне көшу мәселесі. Бұл бастама  әсіресе жастар тарапын қуантып отыр. Олардың ойынша латын ғарпіне көшу  арқылы  қазақ тілінің таза қалпы сақталады, әрі  ана тіліміздің халықаралық дәрежеге шығуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ интернет жүйесінде де  латын ғарпінің үстемдігі зор екенін айта кеткеніміз жөн.

Сондай-ақ латын ғарпіне көшу арқылы тіліміз жат әріптерден тазарады. Бұл әлбетте тілдегі ережелердің де қысқаруына жол береді. Екіншіден  түбі бір түркі халқы латынды қолданады. Бұл  олармен рухани, мәдени, экономикалық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік береді.  

Раушан Сайлауқызы, Данияр Жұмағұлов 

Тақырып бойынша материалдар

 БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК БАСТАУЫ – БІЛІМ!
18:27, 3 қаңтар 2018
БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК БАСТАУЫ – БІЛІМ!
Толығырақ...
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ҰЛТТЫҚ БОЛМЫС ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
14:14, 26 желтоқсан 2017
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ҰЛТТЫҚ БОЛМЫС ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар