ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

БЕЙБІТ ШЕРУЛЕР ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МӘЖІЛІСКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

21:54, 14 мамыр 2020

 

ДИКТОР: Сенат бейбіт шерулер туралы заң жобасын мәжіліске қайтарды. Жоғары палата өкілдері құжаттың 6 бірдей бабына 16 өзгеріс енгізген. Президент тапсырмасынан кейін қолға алынған заң жобасы 6 ай бойы талқыланды. Қоғамның пікірі ескеріліп, халықаралық тәжірибе мұқият зерттелді. Әр баптағы сөздердің мағынасы мен маңызын ескерген депутаттар мақұлдауға асығар емес. Оңғар Алпысбайұлы тарқатады.   

КСМ: Сенаторлар әлемді абдыратқан вирустан барынша қорғанып бағуда. Жиынға қатысушылар түгел маска таққан. Қол беріп, құшақтасып амандаспайды да. Қорғанудың маңыздылығын түсінген болуы керек бейбіт шеруге қатысушылардың денсаулығын сақтауға қатысты да өзгерістерді мұқият қарады.  

СНХ: СӘРСЕНБАЙ ЕҢСЕГЕНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Бейбіт жиналысқа қатысушларға денсаулығын сақтау қажет болған жағдайда жеке қорғаныш құралдарын пайдалануға рұқсат берілді. Бұрынғы заң жобасында оған тыйым салынған еді. Бұл да бейбіт жиналысқа қатысушылардың денсаулығын сақтауға деген өзінің құқығын пайдалануға мүмкіндік беретін бір норма деп есептейміз.

КСМ: Сарапшылар енгізілген өзгерістердің үшеуін ерекшелеп айтып отыр. Өзгесі бір бірінің мағынасын қайталаған баптардың біріктірілуі немесе мүлдем алынып тасталуы.

СНХ: ЕРЛАН САИРОВ САЯСАТКЕР

01:31 Митингті ұйымдастырушылардың жауапкершілігін азайту. Сонымен бірге осы митинг кезінде қандай да бір құқық бұзушылық болса сол құқық бұзушылық залалсызданғаннан кейін митингті ары қарай жалғастыру құқығы.

КСМ: Тағы бір айта кетерлігі митинг ұйымдастырылатын орындарға қатысты өзгерістер де бар. Енді әр қалада қанша орын белгіленетіні заңмен бекітілмек.

СНХ: ҚАЗБЕК МАЙГЕЛДИНОВ САЯСАТТАНУШЫ

(9308) 00:57 Халық санына байланысты Шымкен, Астана қалаларында 12 ден кем болмауы керек. Алматыда 24 тен кем болмауы керек. Және Қарағандыда 6 дан кем болмауы керек. Және басты назар аудартатыны оның үштен кем емесі орталық алаңдарда орналасуы керек.

КСМ: Осылайша заң жобасында мемлекеттің, ұйымдастырушылар мен қатысушылардың міндеттері мен құқықтары толық көрсетілді. Кез келген тарап үшін заңдағы нормаларды өзінің қалауынша түсіндіру мүмкіндігі жойылды.

СНХ: МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Бұл заң жобалары еліміздің дамуына оң әсерін тигізетіні сөзсіз. Сондай ақ аталған жоба саяси үдерістерді одан әрі дамыту, адам құқықтарын қамтамасыз ету және демократия жолында жасалған нақты қадам деп айтуымызға толық негіз бар. Сондықтан аталған заң жобасы ел игілігіне қызмет етеді деп сенеміз.

 

КСМ: Сенат төрағасы ретінде алғашқы жалпы отырысын өткізген Мәулен Әшімбаев кез келген заңды осылай жан жақты қарап, мемлекеттің мүддесін ескере отырып, халықтың қажеттілігін қанаттандырарлықтай етіп қабылдау керектігін айтты.

ОҢҒАР АЛПЫСБАЙҰЛЫ, ҚУАНЫШ ҒАЛЫМҰЛЫ ҚҰТ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...