ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ... Толығырақ

БЕЛАҒАШ КӨЛІНЕ 7 МЫҢ БАЛЫҚ ЖІБЕРІЛДІ

18:16, 7 қараша 2018

РКС: Жақсы ауданының әкімдігі облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қолдауымен Жақсы ауданында орналасқан Белағаш көліне салмағы 20-30грамм болатын жалпы саны 7 мыңға жуық  Амурдың ақмарқасы мен дөңмаңдай балық түрлерін көлге жіберді. Басты мақсат – аудан тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған Белағаш көлін биологиялық тазарту.

СНХ: ВАСИЛИЙ ВЕЙБЕР, «АРКУДА ПЛАТИНИУМ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ӨКІЛІ ///Бізде жақсы бастамамен қолға алынған шара өтуде. Нақтырақ айтсақ, шаруашылық аумағының қайнар көзі болып саналатын көлді балықтандырып жатырмыз. Суға салмағы 20-30 граммды құрайтын екі балық түрін жіберу арқылы аталмыш көлдің біраз тазаруына арқау болып отырмыз.

РКС: Суды тазарту үшін жіберілген балықтың бұл қос түрі Ресей елінің Шұбаркөл балық шаруашылығымен айналысатын «Аркуда Платиниум» серіктестігінен арнайы әкелінді. Орташа өмір сүру ұзақтығы 30 жыл. Балықтар көлге тез бой үйрете алуы үшін арнайы температурада сақтайтын құрылғылармен жабдықталған ыдыстармен жеткізілді. Енді 6 мыңға жуық халықты сумен қамтып отырған көлдің тазаруы жеделдейді- дейді «Белағаш» серіктестігінің директоры.

СНХ: ВИКТОР ГЕРТНЕР, «БЕЛАҒАШ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ  /// Белағаш көлі ұзақ уақыттан бері осындай тазарту жұмысына мұқтаж болған еді. Енді жыл сайын тазарту істін қолға аламыз деген жоспарымыз да жоқ емес.

РКС: Күздігүні балықтардың залалдануы күрт төмендейді және балық өсіру мерзімі аяқталады. Сонымен қатар, қазан, қараша айлары балық жіберуге қолайлы мезгіл. Сол себепті балықтандыруды осы мезгілде жүргізген өте ыңғайлы болып саналады.

ҒАЛЫМЖАН ӨТЕМІСОВ

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚТАР ХАЛЫҚҚА 1 000 000 ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:58, 20 қараша 2018
ОРТАЛЫҚТАР ХАЛЫҚҚА 1 000 000 ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...
БІЗДІҢ АЙКЕН – БАЙҚАУДЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ!
18:58, 20 қараша 2018
БІЗДІҢ АЙКЕН – БАЙҚАУДЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ!
Толығырақ...
ЖҮЗІ ЖАЙРАҢ, КӨҢІЛІ МЕЙРАМ- «ЖАЙДАРМАН»!
18:58, 20 қараша 2018
ЖҮЗІ ЖАЙРАҢ, КӨҢІЛІ МЕЙРАМ- «ЖАЙДАРМАН»!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЕШЕНДІК ӨНЕР  ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ
18:28, 15 қараша 2018
ШЕШЕНДІК ӨНЕР ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ
Толығырақ...
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА РЕФОРМАЛАР МЕН ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰН
18:28, 15 қараша 2018
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА РЕФОРМАЛАР МЕН ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰН
Толығырақ...