ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

БЕРЕРІ МОЛ БЕС БАСТАМА

15:06, 15 наурыз 2019

РКС:Елбасының бес әлеуметтік бастамасында жастардың алаңсыз білім алуына баса назар аударылған. Бұл жоғары оқу орындарының жағдайын біршама жақсартуға септігін тигізеді. Елбасы әсіресе, техникалық мамандықтарға басымдық беруді міндеттеді. Себебі, бұл қазіргі қоғамдағы сұранысқа ие мамандықтар болып табылады. 

СНХ: СЫМБАТ ҚАЛНАЗАРОВА, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ////// Олар шын мәнінде маңызды, уақытылы әрі қажет бастамалар. Мысалы, жатақхана құрылысы – қалада тұрғылықты жері жоқ, ауылдық жерлерден келген студенттердің мәселелерін шешеді. Онымен қоса, қосымша гранттар бөлу, елді газдандыру мәселесі – мұның бәрі біздің халқымызға қажет. Себебі, бұл өмір сүру сапасын едәуір жеңілдетпек

РКС: Елдің ерекше ықыласына бөленген бес бастаманың бірі - қарапайым жұмысшылар үшін салық жүктемесін азайту. Себебі, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысшылардың жалақысынан 1 пайыз ғана салық алынады. Бұл жалақысы төмен жандар үшін өте тиімді.

СНХ: ӘЙГЕРІМ ОРАЗБАЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ////Елбасымыздың бес әлеуметтік бастамасы қазіргі кезде қоғамда зор қолдауға ие болып отыр.  Әрқайсысының өзіндік мазмұны мен мәні бар. Әсіресе, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көтеру үшін салық төлемін азайту дегені өте орынды. Бұл халықтың әлеуметтік тұрғыда дамуына зор мүмкіндік береді.

РКС: Әлеуметтік бес бастаманың елге берері мол. Баянды болашаққа тың серпін беретін бұл игі бастамалар елдің озық мемлекеттер қатарына енуіне ықпал етері сөзсіз.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 «ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
18:59, 14 наурыз 2019
«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
15:10, 14 наурыз 2019
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
Толығырақ...