ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

«БЕРІК ОТБАСЫ» ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

18:59, 14 наурыз 2019

РКС:  Бала  тәрбиесі – басты байлығың. Кешіксең, көретінің қайғы, мұң. Дана Абай өскелең ұрпаққа тәрбие берудің маңыздылығын осылай айтқан еді. Сондықтан, бүгінгі ата-ана бауыр еті баласына дер кезінде көңіл бөлмесе, ертеңгі күні кеш болмақ. Назарбаев зияткерлік мектебіндегі «Берік отбасы» семинарында  педагог-психологтар дәл осы мәселені назарға ала отырып, ата-ана мен баланың қарым-қатынасын жақсартудың әдіс-тәсілдеріне тоқталды.

СНХ: НӘЗИРА АБИБУЛЛАЕВА, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ  ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГЫ/////  Бұл бағдарлама 7 сессиядан тұрады. Бірінші сессиядан бастап 10 ата-ана көлемінде осы  бағдарламаға қатысуда.  Әрбір бейсенбі күні екі сағат уақытта ата-аналар мен оқушылар арасында «Берік» Отбасы семинары жүргізілуде. бұл біздің бірінші, ең алғашқы  пилоттық бағдарламамыз. Әрі қарай ол өз нәтижесін көрсетеді деп ойлаймыз.

РКС: Шара аясында психолог мамандар тренинг өткізіп, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, жасөспірімдермен тіл табысу сияқты дұрыс тәрбиелеудің жолдарын айтып, түсіндірді. Психологиялық ойындар өткізді. Ата-аналар өз кезегінде семинардың  пайдалы  тұсы  көп  дейді.

СНХ: ӘЛИЯ  СЫЗДЫҚОВА,  АТА-АНА // Отбасында қалай жылы қарым-қатынас жасау туралы көп көңіл бөліп, айтып, түсіндіріп жатыр. Бұл өте жақсы. Бізге деген көмек. Менің ұлым – тұңғышым. Сондықтан, кейбір жерлерде үйде қолдауным керек. Сондықтан бүгін көрсетіліп жатқан сессиялық әдістеме жақсы. Осы сессия барысында әр сөзімізге анықтап қаарйтын болдық.

СНХ: ГҮЛМАЙРА НӘУШЕТ, АТА-АНА/// Балалардың тәрбиесінде өз тарапымыздан кететін біраз қателіктерге байланысты сұрақтарға жауап алдым. Бұл біздің күнделікті тұрмыста ескере бермейтін оқиғалар туралы бізге біраз әдістемелік көмек болды деп ойлаймын.

РКС: Ал екі айға жалғасатын семинар соңында оған  белсене қатысқан ата-аналар мен балаларға Назарбаев зияткерлік мектебінің атынан арнайы сертификат табысталады. Айта кету керек, дәл осындай шара еліміздегі барлық Назарбаев зияткерлік мектептерінде өтуде.

АЙГҮЛ  МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ,  АБАЙ ТӨЛЕГЕН, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ АМАНДЫҒЫ - ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ПАРЫЗЫ
15:02, 24 мамыр 2019
ЖОЛ АМАНДЫҒЫ - ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ПАРЫЗЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ЕЛ ЖАСТАРЫ – ҰЛТ ЕРТЕҢІ
15:02, 24 мамыр 2019
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ЕЛ ЖАСТАРЫ – ҰЛТ ЕРТЕҢІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «STARTUP BOLASHAK: МЕНІҢ АРМАНЫМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА 17 ЖОБА ІРІКТЕЛДІ
19:22, 17 мамыр 2019
«STARTUP BOLASHAK: МЕНІҢ АРМАНЫМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА 1...
Толығырақ...
ЖАРЫМАҒАН ЖАРНАМА.  ҚАТЕНІ ҚАПЕРГЕ АЛСАҚ...
19:22, 17 мамыр 2019
ЖАРЫМАҒАН ЖАРНАМА. ҚАТЕНІ ҚАПЕРГЕ АЛСАҚ...
Толығырақ...