ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

БЕРЛИНДЕГІ МҮСІННІҢ ТҮПТҰЛҒАСЫ

19:37, 6 мамыр 2020

 

ДИКТОР: Азат етуші жауынгер. 1949 жылы Берлинде ашылған әйгілі ескерткіштің түп тұлғасы – ақмолалық Иван Одарченко. Мүсіншінің таңдауы бойшаң, сымбатты сарбаз Иванға түскен. Бейбіт күннің символына айналған жауынгердің прототипі туралы Ердігүл Дәдібасқызының материалында.

РКС: (для рус ред) «Бронзой, словно пламенем, облитый,
С девочкой спасенной на руках,
Встал солдат на постамент гранитный,
Чтоб о славе помнили в веках»

Берлиннің төріндегі Трептов-паркте орнатылған ең танымал ескерткіштің бірі – «Азат етуші жауынгер». Оң қолында қанжары, сол қолымен кішкентай сәбиді құшақтаған сарбаздың мүсіні Жеңістің 5 жылдық мерейтойына орай жасалған болатын. Мүсін шынайы оқиғаға негізделген. Сюжеттің басты кейіпкері – сержант Николай Масалов. Ол Берлинді азат ету шайқасында жалындаған өрт арасынан 3 жасар неміс қызын құтқарып қалған. Осылайша, Сталин шаһардың төріне жеңімпаз елдің айбынын аңғартатындай азаматтың кескінін қоюды міндеттейді.

СНХ: АЙНАШ СӘДУАҚАСОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ: //аударма// Шынайы оқиға мазмұнынан шабыттанған мүсіншілер оған лайықты тұлғаны іздестіре бастайды. Олардың таңдауы жерлесіміз, ақмолалық Иван Одарченкоға түседі. Ол 1926 жылы атбасар ауданында Новоалександровка ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. 16 жасында колхоз бригадасын басқарған. Әкесі 1942 жылы Сталинград түбінде қаза тауып, бір жылдан кейін ағасы Петр де жау қолынан көз жұмады.

РКС:  1944 жылы Иван Одарченконың өзі де майданға аттанады. Ол Чехия, Австрия, Венгрия елдерін азат етуге қатысқан. Майдангер «І дәрежелі Отан соғысы» және «Еңбек Қызыл ту» ордендерімен марапатталған. Соғыс аяқталса да, ол бірден еліне қайтарылмай, неміс астанасын күзетуге қалдырылады. Сол жерде 1947 жылы мүсінші Евгений Вучетичтің оған көзі түседі.

СНХ: АЙНАШ СӘДУАҚАСОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ: //аударма// Жауынгер жарты жыл бойы мүсін кейіпкерінің образын сомдайды. Бастапқыда ол қолына неміс қызын көтереді. Соңына қарай, бүлдіршіннің бейнесіне комменданттың қызы Света Котикова алынады. +Скл (01.45) Алғашында берлиндік комсомолдар шынайы оқиғадағы кішкентай неміс қызын іздестірген. 200-ден астам бойжеткен хабарласып, өздерін кеңес жауынгерлері құтқарғанын айтқан екен.

 

РКС: Ескерткіш 1949 жылдың 8 мамырында салтанатты түрде ашылады да, Иван Одарченко Қазақстанға оралады. Алайда, көп ұзамай Ресейдегі Тамбовта тұратын туғандарына көшіп кетеді. Сол жақта 37 жыл темір жонушы болып қызмет атқарған. 2013 жылы көз жұмған.

 

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, ДАРХАН САҒЫН, АЛМАС САДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...