ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

БЕРЛИНДІ АЗАТ ЕТУГЕ ҚАТЫСҚАН МАЙДАНГЕР

19:40, 6 мамыр 2020

 

 

ДК: Әлімгерей Мәженов – сонау сұрапыл жылдары ел үшін кеудесін оққа тосқан майдангерлердің бірі. Біздің түсірілім тобымызбен емен-жарқын әңгімелескен қарт майдангер зұлмат кездің естелігімен бөлісті.

РКС: 1926 жылы 16 ақпанда дүниеге келген майдангер Әлімгерей Мәженов Солтүстік Қазақстан облысы, Рузаев ауданының Алғабас ауылында дүниеге келген. 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, 129-шы және 434-ші атқыштар дивизиясының құрамында болды. Берлинннің оңтүстік-шығысында неміс әскерлерін жоюға қатысқан.

СНХ: ӘЛІМГЕРЕЙ МӘЖЕНОВ, МАЙДАНГЕР:/қаз/Наступлениеде Берлиннің түбінде,+олар да опық жеп  қашуға айналды. + Окопқа жақындағында білмеймін, дальний бойдің артиллериясы түсіп, мен окопқа құлаппын. Сездіп, бірақ тұра алмадым. Құмды жерде жауып тастапты мені құм. Біздің взвод алға басып, мен сол жерде қалыппын. Бір сағаттан артық мен құмның астында жатыппын.+Атыс болып жатыр. +Өзіміздікілер сол жаққа қарай кетіпті. Содан барып, олар мені контузить етті деп айтты. +Сонда да не надо деп өз жұмысыма кірістім. Солайша Берлинге кірдік.  

РКС: Берлин қаласы бекіністермен жақсылап қорғалған екен,-дейді қарт майдангер. Үйдің терезелері күлден көрінбейді. Жаумен атысып жүріп, 2 мамыр күні жер асты өтпе жолдары арқылы Берлинге кірген. Осылайша, қаланың бір ауданынан екінші ауданын жаулап алу арқылы Берлин алынған.  

СНХ: ӘЛІМГЕРЕЙ МӘЖЕНОВ, МАЙДАНГЕР: /қаз/ Берлин үлкен қала емес. 8 районы бар ау деймін. Өйткені бастықтары сол 8-ші районда болды. Сосын үлкен группировкасындар, Эльбаға дейін барасыңдар деді. Сол Эльбаға барғанда 9 майға дейін бір жұма бойы соғысып бардық. Эльбаға жеткенде түнгі сағат 12 болды.+Жеңісті бізге түңгі сағат 12-де американецтер айтты. Капут все, біз де Эльбаға келдік деп.+ Қуанғаннан балақайды лақтырып, оқ атып, +аман қалдық әйтеуір деп. Ажалсыз Жеңіс болмайды ғой. Біраз, жолдастар қайтыс болды.

РКС: 3 баланың әкесі атанған қарт майдангер немерелердің де қызығын көріп отыр. Ерлік көрсеткені үшін Сталиннің алғыс хатымен марапатталған. 20-ға жуық орден-медальдары да бар. Алайда, олардың кейбірінің қолды болғанын айтып, қарт майдангер мұңға батты.  Әсіресе, сұрапыл жылдары берілген «2-ші дәрежелі Отан соғысының» орденін, «Германияны жеңгені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Белоруссияны босатқаны үшін» медальдары үйінен жоғалып кеткен.

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...