ШҰҒЫЛ! 75 ЖАНҰЯ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ Толығырақ

БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА. БАСПАНА АДАМНЫҢ ТҰРМЫС-ТІРШІЛІГІНДЕГІ ЕҢ БАСТЫ ҚАЖЕТТІЛІК

16:29, 3 желтоқсан 2019

 


Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасы» халықтың болашаққа деген сенімін арттыра түсуде. Бастамалардың әрқайсысы бүгінгі таңда халықтың көкейінде жүрген ең маңызды мәселелерді қамтыған. Ең басты қажеттілік  - бас­пана мәселесі шешілуде. Мәселен, Целиноград ауданының жас мамандары бағдарлама арқылы төмен пайыздық несие алу мүмкіндігіне ие болып, армандаған үйіне қол жеткізуде.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев баспанаға қол жеткізу мүмкіндігін кеңейту үшін «7-20-25» бағдарламасын ұсынды. Осы мүмкіндікті сәтті пайдаланған Ақмол орта мектебінің ұстазы Ырысбек Мұсылман оқу бітірісімен, қажетті құжаттарды тапсырып, несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі 7, бастапқы жарнасы 20 пайыздан аспайтын баспанаға ие болған.

ЫРЫСБЕК МҰСЫЛМАН, АҚМОЛ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ҰСТАЗЫ:  

Оқуды бітірген соң осы Ақмола өңіріне «Дипломмен-ауылға» бағдарламасымен келдім және сол оқуды бітірген 2017 жылы келісімен мен документтерді тапсырып, 2018 жылы үйімді алдым. Осы бағдарлама біраз көмек болды. Үй ала аолмай жүрген қаншама жас мамандар, отбасылар бар оларға қаншама жеңілдік болуда.

Баспана адамның тұрмыс-тіршілігіндегі ең басты қажеттілік екенін ескерген Елбасы  «7-20-25» бағдар­ла­масын ұсынып, жерлес­тері­міздің арманына қол жеткізуге жол ашуда, – дейді Ақмол орта мектебінің тағы бір ұстазы Гүлмира Қасенова. 8 жылдан бері ұстаздық етіп келе жатқан жас маманның 2 сәбиі бар. Ол «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспана кезегінде 1 жыл тұрып, армандағы үйіне қол жеткізген. Ал, оған дейін 5-6 жыл бойы отбасымен пәтер жалдап келгенін айтып ағынан жарылуда.

ГҮЛМИРА ҚАСЕНОВА, АҚМОЛ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ҰСТАЗЫ:

Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасындағы» «7-20-25» бағдарламасы бойынша Целиноград ауданының Ақмол ауылына келіп,  2018 жылы баспана алдым. Бұл бағдарламаның жастарға осындай мүмкіндік беріп отырғанына. Біз жас ортбасы болғандықтан, баспана бізге өте қажет. Осы бағдарлама арқылы үйге қол жеткізгеніме қуаныштымын. Рақмет.

Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспана, жатақхана сияқты тұрмыстық жағдайды нысанаға алуы тегін емес екенін көруге болады. Себебі, бес әлеуметтік бастама халықтың әлеуметтік ахуа­лын жақсартуға бағытталғандықтан,  жұртшылықтың көңі­лінен шығып отыр.

Авторы: Айгүл Бекетқызы

Оператор: Дархан Сағын

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ВЛАДИМИР КАМАШОВ ТУРНИРІНІҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЮДЕ
16:52, 6 желтоқсан 2019
ВЛАДИМИР КАМАШОВ ТУРНИРІНІҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЮДЕ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. СОТ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ
16:49, 6 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. СОТ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ
Толығырақ...
 «ҚҰТТЫ МЕКЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛМЕК
16:46, 6 желтоқсан 2019
«ҚҰТТЫ МЕКЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ЖЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
16:32, 3 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
16:28, 3 желтоқсан 2019
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...