ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ... Толығырақ

БИ – ӨНЕР БИІГІ!

16:17, 10 тамыз 2018

РКС:  Салауатты  өмір салтының құралы- би спортын дамыту, шеберлігін шыңдау  мақсатында Албан мемлекеті мен Ресейдің Челябі қаласынан келген бапкерлердің қатысуымен оқу-би жаттығулары  өткізілуде. Шараның жоғары деңгейде өтуі үшін облыстық би федерациясы барлық жағдайды жасаған.

СНХ: ЭЛЬМИРА ШАРИПОВА, ОБЛЫСТЫҚ СПОРТТЫҚ БИ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ Тамыз айының 3-і мен 13-і аралығында Петр Моцарский, Владислав Ткаченко сынды шетелдік бапкерлердің қатысуымен спорттық би түрлерінен оқу-жаттығу шеберліктерін өткізіп жатырмыз. 10 күнге созылатын шеберлік сағаттарының қатысушылары республикалық және халықаралық сайыстардың жүлдегерлері. Сондықтан, сырттан келген  мамандармен тәжірибе алмасу біздің бишілердің шеберліктерінің артуына үлкен үлесін қосатыны сөзсіз.///

РКС: Спорттық бал билері - нағыз эстетикалық және сәнді спорт түрі. Спортқа жатқызатын себебі- би көп энергияны, күшті талап етеді –дейді Владислав Ткаченко.

СНХ: ВЛАДИСЛАВ ТКАЧЕНКО, БАПКЕР Мен Албания мемлекетінен келіп отырмын. Қазіргі оқу-би жаттығулары латын-америкалық би бағыты бойынша өтіп жатыр. Спорттық би түрлеріне 5 жасымнан бастап қатысып келемін. Италия, Испания сынды Еуропа мемлекеттерінде жиі топ жарып жүрдік. Дайындық барысында қазақстандық қатысушылардың жанарынан лапылдаған отты көре алдым, мұндай құлшыныс екінің бірінде бола бермейді.///

РКС: Оқу-би жаттығулары облыс көлемінде биыл төртінші рет өткізіліп отыр. Жыл сайын жас өнерпаздардың тәжірибесін арттыру мақсатында түрлі мемлекеттерден арнайы мамандар шақырылып отырады.

СНХ:АБАЙ ЗЕЙНОЛЛА, АМАЛЬ БАЙСАЛБАЕВА, ЖАС БИШІЛЕР /// Біз 2018 жылғы Қазақстан біріншілігінің жеңімпаздарымыз. Бимен айналысып жатқанымызға алты жылдай болды. Болашақта ел намысын халықаралық деңгейде өтетін додаларда қорғасақ деген арманымыз бар.///

РКС: Ортағасырлардағы ақсүйектердің жұптасып билеген бұл би түрі қазіргі әлем елдерінде кең қолданысқа ие. Тіпті, Халықаралық Федерация осы би спортын 2024 жылғы олимпиадаға қосуды жоспарлауда. Сондықтан, облыс көлемінде дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген оқу-би жаттығулары, өскелең ұрпағымыздың сымбатты болып қалыптасып, әлемдік аренада өз бақтарын сынау мүмкіншілігін арттырары сөзсіз.

ҒАЛЫМЖАН ӨТЕМІСОВ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАДА БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАЛДЫ
18:39, 22 қазан 2018
ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАДА БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҚОҚИҚАЗ» ФЕСТИВАЛІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
18:39, 22 қазан 2018
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҚОҚИҚАЗ» ФЕСТИВАЛІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ МЕН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
15:18, 16 қазан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ МЕН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
Толығырақ...