ШҰҒЫЛ! БІРЖАН САЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

БИЛЕР БИЛІГІ – ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗІ

21:08, 20 қазан 2017

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұйымдастырылған конференцияда қазақ билер сотының қалыптасуы мен даму тарихы, оның бүгінгі сот жүйесімен сабақтастығы сөз болды. Астанадан арнайы келген конференция қонағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы Әділ Жамбасбайұлы Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмидің арнайы құттықтау сөзін оқып, тақырыпқа қатысты баяндамасын ұсынды.  

Жиын барысында сот саласында қызмет етіп жүрген судьялармен қатар, тарихшы, заңтану ғылымдарының мамандары өңірдегі танымал би-шешендер, олардың еңбектері мен даналы сөздері жайында зерттеу жұмыстарын ұсынды. Елбасы бағдарламасы тарихта қалған, бірақ бүгінде ұмыт бола бастаған тұлғалардың есімдерін қайта жаңғыртып, оларды өскелең ұрпаққа танытуға жол ашпақ, - дейді конференцияға қатысушылар.       

Облыстық соттың төрағасы Досжан Сарманқұлұлы өзінің баяндамасында билер соты мен бүгінгі медиация институтының арасындағы сабақтастыққа тоқталып, дау-дамайларды бітімгершілікпен шешу қазақ халқында ежелден болған дегенді алға тартты. Бүгінде шиеленістердің біразын медиация жолымен шешу мәселесі Қазақстанда жылдан-жылға артып келеді. 2011 жылы қабылданған «Медиация туралы заңды» бүгінде сот саласында пайдаланудың нәтижесінде республикадағы істердің 8 пайызы сотқа дейінгі  бітімгершілікпен шешіліп жатыр. 

Билер сотының қыр-сырын жан-жақты зерттеп, зерделеуге арналған конференцияда түрлі ой-пікірлер, пайымдаулар мен ұсыныстар айтылды. Конференция соңында бірқатар құзіретті органдар мен жоғары оқу орындарында, сот саласында алда жүзеге асыратын ұсыныстар айтылып, қарар қабылданды.     

Әйгерім Бекмағамбетова

 

Тақырып бойынша материалдар

БІРЖАН САЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
12:50, 19 сәуір 2018
БІРЖАН САЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
 «ЖАС ҒАБДУЛЛИНШІЛДЕР» ҚАТАРЫ МОЛАЯ ТҮСТІ
12:23, 19 сәуір 2018
«ЖАС ҒАБДУЛЛИНШІЛДЕР» ҚАТАРЫ МОЛАЯ ТҮСТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК АРТА ТҮСТІ
12:22, 19 сәуір 2018
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК АРТА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ –ТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯ
12:46, 17 сәуір 2018
ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ –ТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯ
Толығырақ...