ШҰҒЫЛ! 25 ҚАРАША- ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ ЖОЮ КҮНІ Толығырақ

БІЛІКТІ ЖАСТАР БАСШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕ

19:37, 19 қараша 2020

ДИКТОР: Президенттік жастар кадрлық  резервіне 2021 жылы кезекті  іріктеу өтеді. Жастар үшін тиімді әлеуметтік лифтке айналған жобаның бірінші кезеңіне 13 мың үміткер қатысқан. Іріктелген кіл мықтылар бүгінде басшылық қызметтерде ел игілігі жолында еңбек етуде.  

РКС: Құбылмалы жұмыс жағдайында жедел шешім қабылдауға қабілетті жастарды іріктеу - мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында белгіленген жобаның бірі. 35 жасқа дейінгі жастардың алғашқы кадрлық резервіне ілігуге 13 мың үміткер қатысқан. Оның тек 300-і резервке алынған.

СНХ: БЕРГЕН БЕСПАЛИНОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Мемлекет басшысының тапсырмасымен Президенттік жастар кадрлық резервіне талантты, көшбасшы жастарды іріктеу жүргізілді. Бұл мемлекеттік аппараттағы ғана емес, квазимемлекеттік сектор, жекеменшік сектор, азаматтық қоғам өкілдері үшін тиімді әлеуметтік лифтіге айналған жоба.

РКС: Президенттік кадрлық резервке іріктеуден өту міндетті түрде лауазымды қызметке тағайындалады дегенді білдірмейді. Дегенмен, ревервтегі 300 азаматтың жартысынан көбі бүгінде облыстық, республикалық деңгейде басшылық қызметте.

СНХ: БЕРГЕН БЕСПАЛИНОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Резерв арқылы қызметке тағайындау дәстүрлі форматтан мүлдем өзгеше. Біріншіден, қажетті құжаттар саны қысқарды.  Өз саласында бес жылдан көп қызмет істемеген 35 жасқа дейінгі үміткерлер қатысты. Іріктеу сатыларында үміткерлердің критикалық ойлау мен сараптау деңгейлері анықталды. Келесі сатыда қатысушылар қоғамдық маңызы бар идеялары мен жобаларын қорғады. Жүзге тарта саланың сарапшы мамандары комиссия мүшелері болды.

РКС: Ұшқыр ойлы, бәсекеге қабілетті жас мамандарды іріктеу енді тұрақты түрде екі жыл сайын ұйымдастырылмақ. Резервке өтуді жоспарлап жүрген азаматтарға конкурс талаптарындағы қабілеттерін шыңдап, жобаларын жетілдірген абзал.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 12 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
19:43, 25 қараша 2020
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 12 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫ...
Толығырақ...
25 ҚАРАША- ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ ЖОЮ КҮНІ
19:41, 25 қараша 2020
25 ҚАРАША- ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ ЖОЮ КҮНІ
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХ  СЪЕЗІ ӨТТІ
19:40, 25 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХ СЪЕЗІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар