ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТЫЛУДА

13:40, 20 мамыр 2020

 

Диктор кадрда: Елімізде карантин жарияланғаннан бері «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Ақмола облысы бойынша филиалы онлайн форматта 500 мұғалімді оқытқан. Педагогтардың қашықтан біліктілігін жетілдіруге еш кедергі жоқ. Бұл курстар жаз мезгілінде де жалғасын табады,- дейді орталық мамандары.

РКС: Төтенше жағдай басталған кезден бүгінге дейін 22 курс ұйымдастырылған. Бұл дәрістерге онлайн режимде өзін-өзі тану, қазақ, ағылшын тілі, география тағы басқа бірнеше пәннен арнайы курстары өтті. 250 ұстаз курсты толық аяқтап, сертификат алса, тағы 250 мұғалімнің онлайн курсы осы аптада аяқталмақ.

СНХ: БАЯН СҮЙІНДІКОВА, «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ///қаз.///Курстарға барлық ұстаздар белсенді қатысуда. Өйткені, олар өз үйлерінде, толық жағдай жасалған. Мұғалімдер деңгейлік курс оқығанда, жаңартылған бағдарламаны оқығанда мұндай тәртіппен үйде оқуға үйренген. Сондықтан, педагогтар еш кедергісіз тәмамдап жатыр./

РКС: Альмира Махметова № 17 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Онлайн курс кезінде облыстың шалғай ауылдарындағы әріптестермен де байланысып, тәжірбие алмасуға мол мүмкіндік, -дейді.    

СНХ: АЛЬМИРА МАХМЕТОВА, №17 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ қаз. /Өз білімін жетілдіру өз мамандығын сүйетін, өз ісіне жауапты қарайтын алған дәрісті тиімді пайдаланатын мұғалімдік кәсіпке тән жағдай. Қашықтықтан оқыту оқушыға ғана емес, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға да зор үлес қосып жатыр. /

РКС: Курсты аяқтаған педагогтарға сертификат электронды почта арқылы жіберіледі. Қағаз түрінде қажет болып жатса, орталыққа келіп алуға да жағдай жасалған.

М.АЙБАБИНА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...