ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

19:03, 15 сәуір 2019

РКС: 2016-2019-шы жылдарға арналған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде облыс аумағында 560 мектеп жылдамдығы секундына 4 мегабит болатын кең жолақты интернетпен қамтылған. Бұл мектептердегі ғаламтордың 100 пайызбен қамтамасыз етілгенін көрсетіп отыр, - дейді білім саласының мамандары.

СНХ: ВАЛЕРИЙ ГАМАЗОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ////Мектептердегі интернет жылдамдығын арттыру жұмыстары жалғасуда. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамымен бірге атқарылған жұмыс нәтижесінде жыл басынан бері 45 мектеп спутниктік қондырғылармен жарақтанған. Ол ғаламтор жылдамдығын екі есеге арттырды.

РКС: Жыл сайын балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарына бейнебақылау орнату жұмыстары да жоспарлы іске асуда. Бүгінгі таңда облыс бойынша 560 мектептің 292-не бейнебақылау қондырғысы қойылған. Бұл барлық мектептің 52 пайызын құрап отыр. Өңірдегі мемлекеттік 130 балабақшаның 92-сінде 1400-ге жуық бақылау камерасы бар.  Оның 778-і ғимараттың ішіне, тағы 600-ге жуығы нысанның сыртына орнатылған. Жиын барысында облыс бойынша 3 ауысымда білім беріп жатқан мектептердің жайы да сөз болды.     

СНХ: ҚАНАТ АХМЕТОВ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ /// Целиноград ауданы Нұрсұлтан қаласының іргесінде болғандықтан, халық саны жыл санап артып келеді,  соған сәйкес оқушылар саны да жыл санап көбеюде. Аудан бойынша 45 мектеп бар. Сол мектептердің 6 үш ауысымда оқиды. Бұл мәселені шешу үшін Қажымұқан ауылында 300 орындық мектеп салынуда. Қоянды ауылында 1200 орындық салынуда. Қосшы мектебінде 1200 орындық мектептің орны дайын. Бұл мәселелер 2019-20 жылдары аяқталады./

РКС: Жиында өңірдегі апатты мектептер жайы да  талқыланып, білім беру саласында алда атқарылатын жұмыс жоспары пысықталды.  

М.АЙБАБИНА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар