ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫ ҚАЙТА ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕГІ ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ Толығырақ

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ САПА МЕН ҚҰҚЫҚ

21:16, 28 мамыр 2020

 

 

ДИКТОР: Биылғы коронавирус індеті білім саласындағы олқылықтардың орнын толтыруға себеп  болды. Екі айға созылған карантин кезінде облыстағы 556 мектептің 447-сі қашықтан білім  берді. Бірақ, әлсіз интернет желісі онлайн оқыту сапасын арттыру керектігін көрсетті. Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті өткізген брифинг барысында бұл мәселелерді осы жазда шешу керектігі айтылды.

 

РКС: Өйткені елдегі  эпидемиологиялық  жағдай тұрақтанбаса, білім беру мекемелері бұрынғы жұмыс тәртібіне әлі көшпейді. Сондай-ақ, бала құқығына қатысты мәселелер де талқыланды. Небәрі бес айдың ішінде 12 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Ал 3 бала суицидке барған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп. Мұндай оқиғаларды болдырмас үшін департамент тиісті шараларды қолға алуда.

 

СНХ: ГҮЛНАР ТАСБОЛАТОВА,  АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ/// РУС//  01:30 Мәселені  шешу үшін  білім басқармасы, ведомоствоаралық комииссия балалның құқығын қорғауға байланысты  семинарлар  өткізеді. Күні кеше облыс әкімдігінің қатысуымен осындай комиссия жиыны болып өтті.+ 02:26 мне хотелось бы... тағы бір мәселе. Мектептердегі педагог-психологтардың санын арттырып, жұмысын жандандыру кереФк. Өйткені кей білім ошақтарында бұл қызметті пән мұғалімдері атқарады. Осындай проблемаларды қарастыру қажет.

 

РКС: Биыл 551 психолог  «Жасөспірімдердің психологиялық ауытқуын түзеу концепциясы» тақырыбы бойынша семинардан өтеді. Бұдан бөлек брифинг барысында педагогтардың құқығы  туралы да сөз болды. Мұғалімдерді өз қызметінен тыс жұмыстарға салу  деректері тіркелсе, алдымен ескерту, одан соң қайталанса 20-дан 120 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Қазір өңірде педагогтарды мектептің жөндеу жұмыстарына араластырып, мерзімді басылымдарға еріксіз жаздыру оқиғалары кездеседі.

 

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
20:30, 10 шілде 2020
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨПҚАБАТТЫ  12 ТҰРҒЫН  ҮЙ   ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
20:15, 7 шілде 2020
КӨПҚАБАТТЫ 12 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...