ШҰҒЫЛ! ЕЛ ҮМІТІН - ЕР АҚТАР! Толығырақ

БІЛІМ КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЮДЕ

14:35, 10 қаңтар 2019

РКС: Жоғары білім алудың қолжетімділігін арттырып, студенттердің жатақханадағы жағдайын жақсарту – Елбасы алға қойған міндеттердің бірі. Білім саласына айрықша көңіл бөлуді Елбасы адам ресурстарына салынатын үлкен салым деп біледі. Бүгінде аталмыш жобаның аясында республикадағы студенттердің 35 пайызына жуығы тегін білім алуда. Грант санының артуы зор сұранысқа ие болатын мыңдаған жаңа мамандарды даярлауға жол ашпақ.  

СНХ: ҚАЛЕЛ ЗЕРЕНБАЕВ, КӨКШЕТАУ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ КУРСАНТЫ ////// Біздің институтта студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі жақсы жолға қойылған. Студенттердің тамағы мен киім-кешегі де мемлекет тарапынан тегін.  Студенттерге арналған жатақханалардың санын көбейту қажет дегенді құптаймын және де жатақхана санының артуы біз сияқты студент жастар үшін өте қажет.    

РКС: Елбасы жастардың сапалы білім алуына жағдай жасау үшін студенттік жатақханалардың санын арттырып, баспана тапшылығы мәселесін шешу міндетін де алға қояды. Алдағы бес жылда республика бойынша 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырады. Бүінде бұл мәселе жатақхана тапшылығы байқалатын колледждер мен жоғары оқу орындарында біртіндеп қолға алынуда.  

СНХ: ТАЛАП ӘНӘПИЯ, КӨКШЕТАУ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ КУРСАНТЫ ///// Президентіміздің бес бастамасын жан жүрегіммен қолдаймын. Біздерге, жастарға ең пайдалысы студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі дер едім. Өйткені, басқа аймақтардан келген студенттерге баспана мәселесі қиындық туғызады. Ал, барлығы жатақханамен қамтамасыз етілетін болса, олардың ата-аналарына түсетін ауырлық та сәл аздау болатын еді деп ойлаймын. 

РКС: Білімді ұрпақ тәрбиелеуге басымдық бере отырып, Қазақстан дамыған елдердің қатарынан көрінуге нық қадам жасамақ. Себебі болашағы жарқын, жан-жақты дамыған мемлекетті қалыптастыратын – бүгнгі күннің жастары.     

ӘЙГЕРІМ МЕРЕКЕҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
19:52, 14 маусым 2019
УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...
ҚОС ДӘРІГЕРГЕ  БАСПАНА СЕРТИФИКАТЫ  БЕРІЛДІ
19:52, 14 маусым 2019
ҚОС ДӘРІГЕРГЕ БАСПАНА СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ
18:46, 10 маусым 2019
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...