ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

БІЛІМ САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

20:35, 15 қазан 2020

ДИКТОР: «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде елімізде бірқатар ірі жобалар іске асып жатыр. Білім саласын цифландыру да өз кезегінде біршама жаңашылдыққа қол жеткізуде. Өңірдегі мектептерді интернет желісімен толық қамтамасыз ету жұмыстары да көңіл қуантарлық.

РКС: Журнал, күнделік, үлгерім табелі сынды құжаттар бірер уақыт өткеннен кейін қолымызға сирек тиетін антиквариантқа айналмақ. Қазірдің өзінде оқушылар күнделігін сөмкесінен емес компютерден іздейді. Ата-ана баласының үлгерімін еш қиындықсыз вертуалды бақылай алады. Бұл «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жемісі. Бірақ білім мекемелері бұл өзгерістерге қаншалықты дайын?

СНХ: ВАЛЕРИЙ ГАМАЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ //орыс//    Білім беру жүйесін цифрландыру аясында өңірдегі 555 жалпы білім беретін мектеп 4 Мбит/сек және одан жоғары жылдамдықпен кең жолақты Интернетке қосылған. 271 мектеп  жылдамдығы 4-тен 8 Мбит/с-қа дейін, ал 284 мектепте интернет жылдамдығы 8 Мбит/с және одан жоғары сапада қызмет жасайды. 2020 жылы мектептерді кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 398 млн.теңге бөлінді. Ағымдағы жылы "Қазақтелеком" АҚ-мен бірлесіп облыстың 35 мектебінде интернет жылдамдығын 8 Мбит/с дейін арттыру жұмыстары жүргізілді.

РКС: Білім басқармасы мамандарының айтуынша, облыс бойынша орта есеппен алғанда 9 оқушыға 1 компьютерден келеді екен. Бұл көрсеткішті 2021 жылы 5 оқушыға бір компьютерден келетін деңгейге дейін көтеруге мүмкіндік жеткілікті екенін мәлімдеді.

СНХ: ВАЛЕРИЙ ГАМАЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ //орыс//  Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Ақмола облысы резервінен 23 мың дана компьютерлік техника, оның ішінде 2398 дана дербес компьютер, 17537 дана ноутбук, 3108 дана планшет сатып алуға 3,5 млрд. теңге бөлінді.

РКС: Қазіргі таңда облыстың барлық мектептері оқу процесінде "Daryn.online", "OnlineMektep", "BilimLand" инновациялық білім беру платформасын пайдаланады. Және ата-аналар аталмыш платформамен білім алып жатқан балаларының оқу үлгерімін "Kundelik" ақпараттық жүйесінен бақылай алады.

ТАБЫСБЕК ҮСЕН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АЛМАС САДВАКАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН  ТАЛАПТАРЫ  ЕКІ  АПТАҒА  КҮШЕЙТІЛДІ
18:50, 16 қазан 2020
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЕКІ АПТАҒА КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...