ШҰҒЫЛ! ШЫТЫНАҒАН ШЫҢЫЛТЫР АЯЗ 45°-ҚА ДЕЙІН ЖЕТЕДІ Толығырақ

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР – БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ БАҒДАР

15:58, 18 мамыр 2017

7 - ші Халықаралық педагогикалық инновациялар жәрмеңкесінің басты мақсаты өзекті және тиімді инновациялық тәжірибені тарату арқылы ұстаздардың бәсекеге қабілеттілігі мен мәртебесін арттыруға бағытталған.

7 - ші Халықаралық педагогикалық инновациялар жәрмеңкесінің басты мақсаты  өзекті және тиімді инновациялық тәжірибені тарату арқылы ұстаздардың бәсекеге қабілеттілігі мен мәртебесін арттыруға бағытталған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында  айтылды.    

Баспасөз мәслихатына келген «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы  Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Еркін Тұрашұлы Халықаралық педагогикалық инновациялар жәрмеңкесінің нәтижесіне толығырақ тоқталды.  

Биылғы Халықаралық педагогикалық инновациялар жәрмеңкесіне Ақмола облысының ұстаздар қауымынан бөлек, жоғарғы оқу орындары да қатысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ робототехника, «EXPO 2017»  жобаларына да арнайы алаң қарастырылған. 

Халықаралық педагогикалық инновациялар жәрмеңкесінде үздік танылған жобалар еліміздегі оқу үрдісіне енгізуге ұсынылатын болады. Ресейден арнайы келген делегат мүшелері білім беру саласында мемлекеттің стратегиялық міндеттерін шешуде  біліктілікті арттыру институтының  ерекше  рөлге ие екендігін атап өтті.

 

Ерболат Серікбай,  Данияр Жұмағұлов

Тақырып бойынша материалдар

ЖАРҚАЙЫҢДЫҚТАР МАЛ БАСЫН ЕСЕЛЕУГЕ НИЕТТІ
19:24, 23 қаңтар 2018
ЖАРҚАЙЫҢДЫҚТАР МАЛ БАСЫН ЕСЕЛЕУГЕ НИЕТТІ
Толығырақ...
ТУУ ТУРАЛЫ КУӘЛІКТІ ЕНДІ СМС ХАБАРЛАМА АРҚЫЛЫ АЛУҒА БОЛАДЫ
19:23, 23 қаңтар 2018
ТУУ ТУРАЛЫ КУӘЛІКТІ ЕНДІ СМС ХАБАРЛАМА АРҚЫЛЫ АЛУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар